Сендер бір - біріне кім боласыңдар

Скачать

Қызықты лабиринт атты Таным білім беру саласы бойынша Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бөлімінен Балапан ортаңғы топ үшін арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Мақсаты: заттарды санымен сәйкестендіру; 5 саны көлемінде санау қабілетін арттыру; сандық және реттік санауды бір - бірінен ажырату; геометриялық пішіндерді айырмашылығын табу және ені, түсі, көлемін ажырата білу; берілген тақырып бойынша Воскобовичтың дамыту ойындары элементтерімен жұмыс жасай білу.
Міндеттері: 1, 2, 3, 4, 5 сандарымен жұмыс жасау, өзара ажыратуын көрсету; геометриялық пішіндерінің өзара айырмашылығын түсіндіру; жуан , жіңішке , ұзын , қысқа , алдыңда , артыңда ұғымдарын естеріне түсіру; Коврограф ларчик және Ойын дидары алаңында өздігінен жұмыс жасай білуге үйрету.
Қолданылатын технологиялар: Проблемалық оқыту , Воскобовичтың дамыту ойындары , Мнемоәдіс , үштілділік компонент.
Қажетті материал: Коврограф Ларчик алаңы (үлкен және кіші), ленталар, магниттік тақта, Ойын дидары , көк маркер, сүлгілер, 1 - 5 сандары, қиылған геометриялық пішіндер, үнтаспа, 1 - 5 сандары жазылған карточка, қарындаш.
Қатысушылар: Балапан ортаңғы тобының балалары.

Барысы
Тәрбиеші балалармен залға кіреді, бір айналып қонақтардың алдына тоқтайды.
Тәрбиеші: Балалар, сендер көріп тұрғандай бізге бүгін көптеген қонақтар келді, қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме! Добрый день! Good morning!
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерді шеңберге шақырамын, сендерге айтатын маңызды хабарым бар (балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрады). Бұл хабарды жеткізер алдыңда сендердің көңіл - күйлерін жақсы екендігін көргім келеді. Сендер бүгін балабақшаға қандай көңіл - күймен келдіңдер? (жақсы). Бір - бірінде көргеніне қуаныштысыңдар ма? (иә). Сендер бір - біріне кім боласыңдар? (доспыз). Осындай керемет ауа райы үшін кімге рахмет айтамыз? (күнге рахмет!). Бақытты өмір сүріп жатқаны үшін кімге рахмет айтамыз? (ата - анама рахмет!). Ақылды, білімді болғандарын үшін кімге рахмет айтамыз? (балабақшаға рахмет!). ал бақытты балалық шақ үшін кімге рахмет айтамыз? (бір - бірімізге рахмет!). Ендеше бір - бірімізді құшақтайық (балалар бір - бірін құшақтайды). Міне, көңіл - күйлеріміз одан да жақсарды. Енді мен сендерге өз хабарымды айтайын. Бүгін таңертең қалалық білім беру бөлімінен бір хат келіпті. Хатта келесі жазылған: 2018 жылдың 13 ақпан күнінде Халықаралық математикалық орталығы Қызықты лабиринт атты математика оқу қызметінен онлайын олимпиада өткізіледі. Осы олимпиаданың тапсырмалары да жіберілді. Барлық лабиринт 6 орталықтан тұрады. Әр орталықтағы тапсырманың шарты арнайы таблода жазылған. Тапсырманың орындалуы онлайн қаралып, дұрыстығы немесе қателігі сол жерге дыбыс беру арқылы айтылады. Дұрыс деген баға қол шапалақтау, ал Қате деген баға барабан тарсылымен дыбысталады . Сендердің осы олимпиадаға қатысқыларың келеді ме? (Иә). Тапсырмалардың орындалу уақыты шектеулі, сондықтан жұмысқа кірісейік.
Қызықты лабиринт жүктеу


Скачать


zharar.kz