Топқа бөлініп жарысу

Скачать

Жамбыл облысы,
Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Балапан балабақшасы
Ағылшын тіл маманы: Жорабекова Гулнур Омирзаковна

Тақырыбы: Wild and domestic animals
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Ағылшын тілі
Мақсаты: Үй жануарларымен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету. Жануарларды, түстерді және 1 - 5 сандарын қайталау. Эстетикалық тәрбие беру. Үйренген сөздерді қолдана білу дағдыларын және тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқу іс - әрекеттің өтілу барысы: Топқа бөлініп жарысу.
Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты слайдтар, орманның және ферманың суреті, үлестірмелі карточкалар, сандар жазылған жануарлардың түрлі түсті іздері, жануарлардың суреттері жапсырылған төртбұрышты қораптар.
Сөздік жұмыс: Wild animals - жабайы аңдар, domestic animals жануарлары
Билингвалдық компонент: Wolf - қасқыр, fox - түлкі, bear - аю, rabbit - қоян, sheep - қой, cow - сиыр, horse - ат, dog - ит
Инклюзивті компонент: Мұхамедов Иван түстерді қайталайды.
Тұрсынхан Әбдінұр 1 - 5 сандарды қайталайды.

Іс - әрекет кезеңдері
Мотивациялық кезең
Оқытушының іс - әрекеті
Балалармен амандасады, көңіл - күйлерін сұрайды.
- Hello children!
- How are you?
- I am very glad to see you today.
- Балалар бүгін біз сендермен үй жануарларын және жабайы аңдар тақырыбын қайталаймыз.
- Біздің оқу іс әрекетіміз қайталау болғандықтан жарыс түрінде жүргіземіз.
Оқытушы балаларды екі топқа бөледі. Топ басшыларын сайлайды.
1 - ші топ Wild animals
2 - ші топ Domestic animals
- Балалар сендерді екі топқа бөлдік, ал енді жарыстың алдында біз бір бірімізбен сәлемдесейік және көргенімізге қуанышты екенімізді айтайық.
Шаттық шеңберіне тұрып Good morning тақпағын айтады.

Ұйымдастыру - іздестіру кезеңі
- Балалар бізге бүгін қонақ Rex келді.
Rex
- Hello children
- How are you?
- Балалар мен сендерге келе жатқанда орманға адасып кіріп кетіппін. Орманда мен жылан көрдім. Жылан маған s - s - s - s - s деді. Қорқып қашып келе жатсам, алдымда аралар dz - dz - dz - dz деп, ұшып жүр екен. Кенеттен z - z - z - z деп мені маса шағып алды. Қатты ауырғандықтан мен r - r - r - r дедім. Орманнан шығып едім алдымды поезд t - d, t - d, t - d деп кесіп өтті. Осындай қызықтарға тап болып мен сендерге қонаққа келдім.
Балалар мен сендерде жануарлар тақырыбында жарыс өтетінін естіп, жануарлардың суреті бар екі қорап алып келдім.
Оқытушы:
- ЖарайсыңRex!

Біздің бүгінгі жарысымыз IV - кезеңнен тұрады.
I - кезең “Find and say дидактикалық ойын.
Балаларға жануарлар тақырыбында слайд көрсетіледі.

Шарты: Балаларға жануарлардың суреттері беріледі. Балалар жануарларды үй және жабайы жануарлар екенін ажыратып, тақтада алдын ала ілінген ферманың және орманның суреттеріне қолдарындағы жануарлардың суреттерін жапсырады.
Оқытушы:
- Балалар енді жапсырылған суреттерге қараңдаршы. Бізде қанша қой, сиыр, жылқы, ит бар қане барлығымыз бірге санайық.
Балаларға ағылшын тілінде санап көмектеседі.

II - кезең Find colors ойыны.
Шарты: Жануарлардың іздері салынған түрлі түсті қағаздар жерге қойылады. Балалар оқытушының айтқан түсін естіп, түсініп сол ізге тұрулары керек.
Оқытушы:
- Балалар бұл ойынды бастамас бұрын біз аяқ қолдарымызды жаттықтырып алайық.
Сергіту сәтін слайдқа қарап жасайды.

III - кезең. Жануарлар тақырыбында тақпақтар айтады.
Шарты: Екі топтан үш баладан шығып тақпақтар айтып жарысады.

IV - кезең Help to the sheep ойыны.
Шарты: Екі топқа жануарлардың суреті жапсырылған төртбұрышты қорап беріледі. Балалар қорапты лақтырады және қандай жануардың суреті екенін айтады. Қай топ жаңылыспай жануарларды атаса, сол топ қойды қасқырдан құтқарады.
Оқытушы:
- Жарайсыңдар балалар! Well done!
Оқытушы жеңген топты жариялайды.


Скачать


zharar.kz