Отырған іркес - тіркес қойлы ауылдан

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Жел тұрып күзгі салқын таза ауадан.
Түңлігін киіз үйдің мазалаған.
Әкесі қой күзетіп, мылтық атса,
Жас сәби үйде жатып мәз - ау оған.
Жаз болса, жорға мініп жайтақтаған,
Күз болса, қойшы жаны жәй таппаған.
Отырған іркес - тіркес қойлы ауылдан.
Қым - қиғаш үн шығады айтақтаған.
Көрмедім қойшыдайын жан асылын
(Тұрмысы еңбегіне жарасуын),
Бір сәтте үйге еніп қымтап кетті,
Көрпесін әйелі мен баласының.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz