Дөңгелек ішін безендіру

Скачать

3 класс
Сабақтың тақырыбы: Дөңгелек ішін безендіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қағаздың түрлерін қолдануды және олармен жұмыстың орындалу техникасын меңгерту.
Дамытушылық: оқушыларды дөңгелек пішінді орынды безендіруге құштарлығын арттыру және эстетикалық талғамын жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, икемділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі – түсті композицияда әшекейленген заттар суреттері, түрлі-түсті қағаз,, фольга және өзі желімделетін қағаз, желім, қайшы, қарындаш, сызғыш, қылқалам, жіп, шыны немесе пластмасса ыдыс.
Еңбек нысаны: дөңгелектің ішін безендіру.
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:
1. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Бағалау парағын қолдану тәсілі.
3. Қақпа ойыны
4. Психологиялық дайындық.
5. Жаңа сабақ
6. Сарамандық жұмыс.
7. Сергіту сәті
8. Сабақты бекіту. Сөзжұмбақ шешу.
9. Бағалау
10. Үйге тапсырма беру.

Сабаққа қажетті құралдарды дайындаңыздар. Алдыңғы сабағымызда өткен материалды еске түсіріп отырамыз.
2. Үй тапсырмасы.
Оқушылар жауабын бірден тапты.
Сабақты бастамас бұрын класты үш топқа бөліп алайық.
Тақтадағы фигуралар жасырылған парақтарды үш топтан топ басшылары келіп өз фигураларын анықтайды. Үшбұрыш, дөңгелек және төртбұрыш фигуралары арқылы өз тапсырмаларын анықтап, жасайтын жұмыстарына қолданатын фигуралары анықталды. Құлыптағы сұрақтар фигураларға жазылған, әр топ өзіне тиесілі фигура арқылы өз сұрақтарын анықтайды.

Алтын қақпа ойыны.
Тақтада үш құлыппен құлыпталған қақпаны ашу керек.
1. Қара құлып. Ол металдан жасалған құлып болғандықтан оның сұрағы да жеңіл.
2. Күміс құлып. Ол металдан қымбаттау, сондықтан оның сұрағы металға қарағанда күрделілеу.
3. Алтын құлып. Ол өте қымбат, сондықтан оның сұрағы да күрделі.

Жұмбақ шешу.
Бірінің ізін бірі басады
Біріне жеткізбей бірі қашады (дөңгелектер)
Дөңгелек ішін безендіру.
Жаңа сабақ.
Дөңгелек ішін безендіру.
Тақтадан түстер көрсетіледі. Бұл түрлі – түсті бұлттар. Енді осы бұлттардың қайсысының түсі негізгі түске жатады?
Көк түс – әділдіктің белгісі
Ақ түс – адалдықтың белгісі
Сары түс – жылулықтың белгісі
Қызыл түс – қуаныштың белгісі
Жасыл түс – өсіп, өркендеудің белгісі
Қоңыр түс – бірқалыпты, жайшылық белгісі
Қара түс – көңілсіздік белгісі
Бүгінгі сабағымызда үлгі жасау үшін әр топ өздеріне ұнаған түстерді таңдайды. Ол үшін алдымен біз суретті жұмбақты шешіп алайық.

Шешуі: сыйлық.
Өте жақсы балалар
- Ендеше бүгінгі сабақта біздер сыйлық жасаймыз.
- Тақтадағы түстерден құрастырылған тірек сызбаға назар аударамыз.
- Қақпа ашылмады балалар. Тағы да бір жұмбақ бар екен.
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады. (дөңгелектер)
Көк түс – әділдіктің белгісі
Ақ түс – адалдықтың белгісі
Сары түс – жылулықтың белгісі
Қызыл түс – қуаныштың белгісі
Жасыл түс – өсіп, өркендеу белгісі
Қоңыр түс – жайбарақаттық белгісі
Қара түс – көңілсіздік белгісі
Ендеше бүгінгі сабақта біз сыйлыққа арналған сәндік ыдыс пен дөңгелек іші безендірілген бұтаны дайындаймыз.
Нұсқау картасы
Бүгінгі сабағымызда үлгі жасау үшін әр топ өздеріне ұнаған түстерді таңдайды.
1. Сарамандық жұмыста қағаздың Оракал түрі де қолданылады. Бұл қағаз желімі бар жылтыр түсті болып келеді. Дизайн жасауға өте ыңғайлы. Қатты картон қағаздардан таратылған үлгі бойынша шеңбер сызып, қиып аламыз. Берілген геометриялық фигураларды пайдалана отырып, үш үлгідегі тапсырманы жапсырмалаймыз. Сонымен қатар осы дөңгелекке жапсырылатын жіптің орны ескеріледі.
2. Сәндік ыдыстар жасауда өздігінен желімделінетін қағазды пайдаланады және де олардан таңдаған ыдыстардың формасына байланысты геометриялық фигураларды дайындап алып барып желімдейді. Тақтадағы көрсетілген нұсқау картасы бойынша үлгіні жапсыру әдісі көрсетіледі.

3. Оқушыларды үйлерінен әкелген бұтақтарын безендірген шишаларына салып оларды түрлі формадағы дөңгелектермен әшекейлейді. Оқушылар жұмыстарына талдау жасалады. Топтар жұмыстарын бағалау парағы арқылы бағалайды.
Психологиялық дайындық.
Біз өнерлі баламыз
Қолға қайшы аламыз
Әсемдік зат жасауда
5 - тік баға аламыз
Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмыс ортасында сергіту сәті орындалады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды қолға соғамыз,
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді аламыз
Оқушылар жұмысын аяқтап бір – біріне ұсынады. Баға беріледі.
Әр топқа фигуралық композицияда жазылған сұрақтар беріледі.
Үшбұрыштар:
Сіздер қандай қауіпсіздік ережесін ұстандыңыздар?
Жасаған жұмысыңызды не деп атауға болады?
Төртбұрыштар:
Қайшыны қолдану ережесін айтыңыз
Жасаған жұмысыңызда қандай фигуралар кездесті?
Дөңгелектер:
Желімдеу ережесі
Қолданған қағаз түрлерін атаңыз

Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақ
1. Жеңіл ойын құралы (Доп)
Жылмаң – жылмаң етеді,
2. Із – міз тастап кетеді. (ине)
3. Ағаш оның атасы
Газет, кітап матасы (қағаз)
4. Сөзі дана,
Үні жоқ.
Сөйлемейді,
Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем. (кітап)
5. Екі басты жалмауыз,
Керіп аузын ашады.
Алдында түскен нәрселер,
Өзінен өзі қашады. (Қайшы)

6. Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі (қарындаш)
д о п
и н е
қ а ғ а з
к і т а п
қ а й ш ы
қ а р ы н д а ш
Бағалау парағы:
Берілген тапсырма ------- Мұғалімнің бағасы ------ Ұпай алған оқушының аты ------ Жалпы ұпай саны
Үйге тапсырма: өз қиялымыздағы дизайн ойластырып келу.


Скачать


zharar.kz