Жұпар ана
Жұпар ана – Бәйдібек бидің келіні, Қоңырат Қызыл бидің қызы. Жұпар ана жасында ер мінезді, еркекшора болып өскен екен. Кейін Шапыраштыға жүкті болғанда Жолбарыстың жүрегіне жерік болған екен. Жұпар келін атасының малын ерлермен бірге жайлауға айдасып, би атасының талай алғысын алған екен.