Балалар әке деген кім

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктері кеңейеді, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйренеді; Оқушылардың сөздік қорлары молаяды, логикалық ойлаулары дамиды. Адамгершілік қасиетке, отбасындағы қарым - қатынасты бағалауға тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, түрлі тапсырмалар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбек етіп жұмыла
5 - ке қолды жеткізу
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы бекітемін.

Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу
....... бала, арлы бала
Әдепсіз бала сорлы бала.
Өнерлі бала.........
Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон..........
Жігітке.......... өнер де аз.
Ұстаздан............. озар.
Сабыр түбі, сары.............
Өнер алды қызыл...........
Білекті бірді жығады,
Білімді.......... жығады.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің.......... алтын.
Сөзжұмбақтың шешуі: әке тәлімі.
Балалар әке деген кім?
Әке ол үй иесі, қамқоршы, ер адам, отбасы мүшесі, отағасы, мейірімді жан, бізді бағады, тәрбиелейді.
Тәлім дегенді қалай түсінесіңдер?
Тәлім тәрбие беру дегенді білдіреді.
Олай болса отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
1 - топ Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Топтастыру стратегиясы
2 - топ Отбасындағы бала тәрбиесі дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ Қыз бала мен ұл баланың тәрбиесін салыстыр.

Мағынаны тану:
- Ендеше біз бүгін сендермен Жәнібек Кәрменовтың Әке тәлімі мәтінімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Мәтінге Болжау стратегиясы бойынша талдау жасап көрейік.
- Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін?
- Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?
Үш бөлікке бөлінген мәтінді оқиық. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу
1 – топ 1 - 3 азат жолды оқиды
2 - топ 4 - 8 азат жолды оқиды.
3 - топ 9 - 13 азат жолды оқиды.

Сергіту сәті:
Әңгіменің авторы кім? Ол жөнінде не білесің?
Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген кім Қалайша
Мәтіннен Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқы және көңіліңе тоқы.
1 - бөліктен қандай сабақ алдық? ой түйіндеу
- Әңгіменің авторы кім? Ол жөнінде не білесің?
Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген кімдер? Қалайша?
Мәтіннен Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқы және көңіліңе тоқы.
Әннің жақсысы да, жаманы да тыңдаушысынан деген пікірмен келісесің бе? Мәтінге сүйеніп, өз көзқарасыңды дәлелде.
Осы мәтінді алдында оқыған О. Бодықовтың Аққұс туралы аңыз мәтінінен салыстырып көр.
Бар ықыласыңмен бір ән тыңдап көр. Әннің сөзін және әуенін жазғанкім екенін біліп ал.
Осы ән көз алдыңа қандай суретті елестететінін айт.
Тапқыр болсаң тауып көр
Әке -.........................
Ана -.........................
Бала -.......................
( жағасындағы құрақ, бауырындағы бұлақ, асқар тау)
2 - топ
Әдепті бала -...................
Әдепсіз бала -.................
(ата - анасын мақтатар, ата - анасын қақсатар)
3 - топ
Атаңа.....................
Алдыңа....................
(сол келер, не қылсаң )

Ой толғаныс
1 - топ Әке сөзіне 5 жолды өлең құрастырады.
2 - топ Мен әкемді мақтан тұтамын өйткені.......... тақырыбына эссе жазады
3 - топ Әкенің отбасындағы рөлі (асырайды, қамқор, күшті болуға үйретеді, тәрбиелейді )
Үйге тапсырмасы: Мәтінді оқу. Бағалау.
Қорытындындылау.


Скачать


zharar.kz