Туынды сөз

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.
64 69 - жаттығулар
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Түбір мен қосымша жайлы алған білімдерін жинақтау, пысықтау. ә) дамытушылық: Өз ойларынбайланыстырып жүйелі сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Ойын элементтерін пайдалану арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.
б) тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ – жауап, ойын, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сәйкестендіру тесті.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Балалар,
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте – деп ұлт жанашырлары айтпақшы, өз ана тілімізді жете меңгеріп, білімімізді ұштай түсетін қазақ тілі сабағын бастаймыз.

ІІ. А) Үй тапсырмасын тексеру.
Ә) Өткенді пысықтау.
Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ шешу
1. Зат атауы.
2. Сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігі.
3. Сөздің түбірге жалғанған бөлігі.
4. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз.
5. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша.
6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.

ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.
Мұғалім: – Біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті өтіп жүрген сабақтан өзгеше, әр түрлі ойындар ойнаймыз. Сондықтан да сабақ барысында орындалатын тапсырмаларды жылдамырақ орындауға тырысыңыздар.

Мағынаны тану
Дәптермен жұмыс
Күннің ретін, тақырыпты жазу.
Көркем жазу минуты
Кестеден қыс мезгіліне қатысты үш сөз тауып, көркем етіп дәптерлеріңе жазыңдар.
а ---- қ --- ы --- с -- у
ш --- а --- н --- б -- а
с ---- р — ш -- а -- н
Қыс, қар, шана.
64 – жаттығу. Ойын түрінде ауызша орындалады.
Тап - тауып, сеп - сеуіп, шап - шауып, қап - қауып, жап - жауып, кеп - кеуіп.
65 - жаттығу. Шығармашылық тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау. Түбірін табу.
Сеуіп, кеуіп, тауып.
Сеп, кеп, тап.
Сергіту сәті
66 - жаттығу. Мәтінмен жұмыс. Ат қою. Көшіру. Қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. сөйлемдерді сөз құрамына талдау.
Асыл мен Асан жасырынбақ ойнады. Асан Асылды тез тауып алды. Ал Асыл Асанды таба алмады. Өйткені Асан қорадағы ескі сандықтың ішіне кіріп жасырынған еді.

Ой толғау
Кім зерек?
Мәтінді сен қалай аяқтар едің?
67 - жаттығу. Мәтінмен жұмыс. Сөз құрамына талдау.
Қарағайдың дәрілік қасиеттері бар.
Қарағай ормандары хош иісті келеді.
қарағайлы алқапқа

Сөздік жұмысы
Хош иіс – жұпар иіс
68 - жаттығу. Жұбын тап ойыны. Өзіндік жұмыс. Салыстыру.
Ерік - еркі, ауыл - аулы, орын - орны, бөрік - бөркі, халық - халқы, көрік - көркі.
Қорытынды. Сұрақ - жауап.
Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

Сәйкестендіру тесті.
1. Түбір сөз ---------------------------------- 1. оқу, оқушы, оқулық
2. Туынды сөз ------------------------------- 2. қалалар
3. Түбірлес сөздер ------------------------ 3. жауып
4. Жуан айтылатын сөздер ------------- 4. мерекеңізбен
5. Жіңішке айтылатын сөздер --------- 5. бала
6. Жазылуы өзгерген түбір сөздер --- 6. жазушы
Бағалау.
Үйге тапсырма. 69 - жаттығу. Ата, әже, немере, ауыл сөздерін қатыстырып әңгіме құрап жазу. Әңгімеге ат қою.


Скачать


zharar.kz