Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Балғабаева Перизат Мұратқызы
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру. Дара және күрделі етістіктің жасалу ерекшеліктерін ажырата білу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс әрекетін, шығармашылық
қабілетін дамыту. Ойын, пікірін еркін айтуға үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, ізденімпаздыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, таратпа материалдар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру
1) Психологиялық дайындық
Балалар, қазір бізде қазақ тілі сабағы. Осы сабаққа қандай дайындықпен келдіңдер?
Сыныбымыз тап - таза,
Бор да дайын тақтада
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партада
Ойға толып санамыз
Бестік болсын бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз
II. Үй тапсырмасын тексеру: 399 - жаттығуды әр топтан бір – бір оқушыдан оқиды.
1 - топ Ребусты шешу.
2 - топ Шешуіндегі сөздің мағынасын ашу.
3 - топ Шешуіндегі сөзге әңгіме құрағанын оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ: Ой ашар: Жұмбақ шешу.
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек.
Ол не? (Домбыра)
Оқушыларға домбыра сөзін қолдана отырып дара, күрделі етістіктерге сөйлем құрату.
- Балалар, біз бүгінгі сабақта дара, күрделі етістік жайлы алған білімімізді әрі қарай жалғастырамыз.
IV. Оқулықпен жұмыс.
- Балалар кітабымыздың 143 бетіндегі 400 - жаттығуды орындаймыз.
Жұмбақтың шешуін тап.
Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды (Мысық)
Жұмбақты жатқа жаз. Етістіктердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
- Балалар кітабымыздың 143 бетіндегі 402 - жаттығуды орындаймыз.
Мәтінді көшіріп жаз.
Күз келді. Күн суыта бастады. Шөп сарғайды. Ағаштың жапырақтары түсті. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Біз жылы киімімізді кидік.
Етістіктердің астын екі рет сыз. Олардың қайсысы дара, қайсысы күрделі етістік екенін айт.
V. Сергіту сәті:
VI. Шығармашылық жұмыс:
1 - топ Берілген әріптен басталатын етістікке мысал келтіру.
Т - терді, тоқыды, тарады, тасыды, тарқатады,
Б - бақырды, басты, барды, байқады, болады, биледі, байлады,
С - сезді, сенді, сыпырды, сипады, секірді, сөйлесті, сайрады.
2 - топ Дара етістікті күрделі етістікке айналдыр.
Оқыдым --------- оқып отырмын
Ұшты ----------- ұшып барады
Барамын -------- бара жатырмын
Жинады --------....... жинап жатыр
3 - топ Берілген сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемді дұрыс құрастырып жазу.
Ереже. Заттардың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? Деген сұрақтар қойылады.
Сәйкестендіру тапсырмасы
Бардым -------- Келе жатыр
Келді -------- Сайрап отыр
Сайрады --------- Көріп тұрмын
Көрді ------------ Барып едім
Үндемес диктант (қимылмен көрсету)
Отырды, ашып қарады, шертті, сипап отыр, айналды.
Ойын Кім білгір
Етістіктерді оқып беру. Оқушылар оның дара не күрделі екенін белгімен көрсетеді.
Оқыды, ұшып кетті, емдеді, тігіп болды, оқып отыр, хабарлайды, бара жатыр, ілді, келе жатыр, сыйлады, ойнады
ІҮ. Сабақты қорытындылау – рефлексия кезеңі Кезбе тілші:
1 - топ Сәлеметсіз бе? Мен кезбе тілші.
- Сонымен етістіктің құрамына қарай қандай түрлері болады екен?
● Дара етістік
● Күрделі етістік
2 - топ Сәлеметсіз бе? Мен кезбе тілші.
- Дара етістік неше сөзден тұрады?
Дара етістік бір сөзден тұрады. Мысалы: келді, оқыды, көрді.
3 - топ Сәлеметсіз бе? Мен кезбе тілші.
- Күрделі етістік ше? Мысалы: келе жатыр, оқып отыр, көріп тұр.
Бағалау.
Үйге тапсырма