Балдәурен ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы:" 8 саны мен цифры"
Мақсаты: 8 Саны мен цифрын таныстыру. 7 санына 1 - ді қосып 8 санын алуға болатынын түсіндіру.“+”, “-” таңбаларын пайдаланып, 8 - ге дейінгі көлемде жазбаша, ауызша есептер құрастыру. Тура және кері санау. 8 санын қос қошқар Мүйіз өрнектерін балаларға көрсете отырып естеріне сақтау. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: 1 - 8 кеспе цифрлары, саны сегізге дейін құмыралар, гүлдер, таңбалар, үйшік карточкалар.
Балаларда: Кеспе сандар қалтасы, жолақты карточкалар, таяқшалар, карточкалар.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері
Балалар қуанышымызды бір - бірімізге жеткізейік!
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Ренжітпеуді де ойлаймыз
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық баршамыз!
Дидактикалық ойын: Ойлап тапшы?
- Кемпірқосақта неше түс бар?
- Аспанда неше жұлдыз бар?
- Адамда неше көз бар?
- 5 саусақты қолғапта неше саусақ бар?
Біздің топта неше қыз, бала бар?
Өткен іс - әрекетті қайталау.
- Балалар біз өткен іс әрекетте неше санымен таныстық?
- 7 санына байланысты қандай қасиетті ұғымдар бар?
- 7 санына байланысты өлең - тақпақтар білесіңдер?
- Бір аптада неше күн бар?
Балалар, біз өткен Айналамен таныстыру іс - әрекетінде Менің күнім тақырыбында Мүбарак Жаманбалинов Бір аптада өлеңін жаттаған едік, кәне есімізге түсірейік.
Ұйымдасты - рушы ізденушілік
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік, әндетіп,
Жұма күні жидек тердік қыраттан
Сенбі күні кино көрдік клубтан
Жексенбіде үйде болдық демалдық
Осылайша өте шықты бір апта.
Балалар назарын тақтаға аударып, құмыраларды санату.
- Құмыралардың бәрі бірдей ма?
- Қалай орналақан?
Құмыраның қасына тағы бір құмыра қосып, 8 санын шығарып, және суреттегі қоянның неше қаламы бар, екі дөңгелекті жоғары - төмен орналастырып, 8 санын шығарып, балаларды 8 санымен таныстыру.