Аққу көлдің сәні

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Сабақтың мақсаты: поэмадағы негізгі кейіпкерлер аққуларға байланысты екі түрлі көзқараста баға беру, (даттаушы, жақтаушы) екі топ өз пікірлерін мәтіннен айғақ, дәлелдемелер келтіре отырып, мақал - мәтел, афоризм сөздерді тілге тиек ете отыра өз көзқарастарын қорғап шығу.
Тәрбиелік мақсаты: көлдің, табиғаттың сәні аққуларды қорғау, табиғатты қорғау керектігін және ананың балаға деген шексіз махаббатын жете түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: мәтінді түсініп оқу, яғни сөздің астарлы мағынасын түсіне алу, сын тұрғыда ой қорытындысын жасай алу, өз пікірін қорғай білу дағдыларын қалыптастыра дамыту, шешендік өнер дағдысын дамыту.
Сабақ әдісі: пікір - сайыс, пікір айту, мәтінмен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, қарама - қарсы сұрақ қою.
Сабақ түрі: пікір - сайыс сабағы.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру:
Пікір - сайыс сабағының шартымен таныстыру.
1) а) шапшаң ойлау, мәселені талдай білу;
ә) шыншылдық - пікір - сайыс кезінде нақты фактілерге жүгіну;
б) қарсыласына құрметпен қарау, әдеп сақтай білу, жеке басына тиіспей сенімді дәлелмен сөзден ұту.
2) Оқушылар 2 топқа бөлінгенін 1 - топ - жақтаушы, 2 - топ - даттаушы екенін түсіндіру.
3) Әр топ алдын ала өз дәлелдемелерін, айғақтарын және кілт сөздерін дайындап келеді.
4) Сайысты жақтаушы топ бастайды.
Жақтаушы топтың тақырыбы " Аққуды атуға болмайды"
- кілт сөздері - 1) Көлдің сәні - аққулар.
2) Аққу киесі оңдырмайды.
Жақтаушы топ дәлелдеуі:
Поэманың негізгі кейіпкерлері - аққулар, мұнда аққулардың демалыс сәті суреттеледі, сол тыныштықты бұзушылар айыпталады, көл тек аққуларынан емес, бүкіл сәнінен айырылады, поэма тақырыбы - табиғатты қорғау, аялау.
Даттаушы топ тақырыбы, " Ана - махаббатымен құдіретті"
- кілт сөздері - 1) Бәрі де адам үшін жаратылған.
2) Наным - сенімнен де ана махаббаты құдіретті.
Даттаушы топ дәлелдеуі:
Поэмада тек аққуға ғана қатысты мәселе қозғалмайтындығы, мұнда аурумен арпалысқан бала мен арашаға ұмтылып жан ұшырған ана бейнеленгенін дәлелдеуі.
1) Балаларға өз пікірлерін дәлелдеу үшін поэмадан қажет үзінділеп іздейді, мағынасын талдайды.
2) Әр топ дәлелдеме үшін өз көзқарастарын дұрысқа шығарады деген мақал - мәтел, афоризмдер, жаңыл сөздер топтамасын ұсынып, талдайды. 3) Әр топтың спикерлері сайланады.
4) Әр топ алдын ала өз дәлелдемелерін, айғақтары мен кілт сөздерін дайындап әкеледі.
5) Сұрақ қоюшы (даттаушы топ жақтаушы топқа сұрақ қояды немесе керісінше) топ қарама - қарсы сұрақ қойғанда, қарсы топты өзі ұстанған көзқарасынан жаңылдыруды көздейді.
Жақтаушы топтағы оқушылардың №1 – дәлелдемелерін келтірейін:
Қойшыбай Қанағат: Аққу – киелі құс. Аққу - өте нәзік жанды құс. Аққуды ешқашан атпау керек. Аққу көлдің сәні. Аққу болмаса көл жетім қалады. Мен поэмадан мына үзіндіні алдым, ақын үзіндіде:
Беу, дүние - ай, аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесі жол алғанда.
Жетісіп бір Жетім көл қалушы еді - ау
Тынушы еді - ау теңселген қара орман да
Таянғанда аққулар қонар маңға
Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын
Аққулар аман – есен қайтқанша
Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан
Сондай бір дәстүр бар - ды қалыптасқан. - деп, аққуларды халықтың аялағанын, тыныштығын бұзбағанын жырлаған.
Оразалиева Айжан: Аққулар – көлдің сәні. Аққу табиғаттың жаратқан ең сұлу құсы. Аққуды атуға болмайды, атуға да болады деген пікірге ешқашан келіспеймін. Қазақтар екі - үш құсты киелі санайды, солардың бірі – аққу. Поэмадан мына үзіндіні тыңдайықшы:


Скачать


zharar.kz