Сөмкені жинап үйрен

Скачать

Сабақ кезеңдері:

Жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы: Сөмкені жинап үйрен.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін қолдана отырып, оқу - құралдарын атау, сөмкені ауызекі тілде, практика жүзінде жинап үйренуді үйрету.
2. Дамытушылық: Еске сақтау қабілетін арттыра отырып, ауызекі сөйлеу дағдысын, ойлау қабілетін, жылдамдық шеберлігін, сөздік қорын дұрыс пайдалануын дамыту.
3. Тәрбиелік: Жинақылыққа, ұқыптылық пен тазалыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: а) теориялық: Түсіндіру, әңгімелесу;
б) теория - практикалық: Сұрақ - жауап, көрнекілік;
в) практикалық: Ойын әдісі, жаттығумен жұмыс әдістері;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, оқу - құралдары;
Сабақтың формасы: Білімді пысықтап қолдану. (Модуль бойынша 4 - сабақ. Сөйлесім әрекеті)
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика, орыс тілі, дене шынықтыру.

1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды белгілеу. Тілдік орта қалыптастыру.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
- Сәлеметсіз бе!
Күнге қараймыз,
Айға қараймыз,
Саған қараймыз,
Маған қараймыз.
Сәлем, сәлем, сәлем!
- Қазір қай жыл мезгілі?
Көктем айларын атайықшы?
- Бүгін қай күн?
Аптаның қай күні?
- Кім кезекші?
- Сынып қандай, сыныпта не бар?
- Қазақ тілі сабағына не керек?
А) Фонетикалық жаттығу. Кітап жатыр сөмкеде
Қалам жатыр үстелде
Дәптер жатыр партада,
Бәрі - бәрі орнында.
1) сурет орнына сөздерді қойып оқу.
2) енді қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздердің астын сызу
3) қазақ әріптеріне сипаттама беру
Б) Лексикалық жаттығу: Не білеміз? Не үйренеміз?
Кітап Бүгінгі біздің мақсатымыз: Сөмкені жинап үйрену
Қалам Дымбілместің аудио - тыңдалымы. Және тапсырма ретімен таныстыру.
Күнделік
қарындаш

2. Үй тапсырмасын сұрау: 1 - тапсырма. Жұптық жұмыс.
1 - жұп: Қаламсауытта не бар?
2 - жұп: Сөмкеңде не бар?
3 - жұп: Неше сызғыш бар?
4 - жұп: Неше қалам бар?
5 - жұп: Қаламсауытқа не салмаймыз?
3. Өткен сабақты пысықтау: 2 - тапсырма. Дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырма.
1 - деңгей:... зын сыз.. ыш
Әдем.. с.. мке
2 - деңгей: қызыл.. рындаш, к.. шкентай өшірг.. ш
3 - деңгей:.. аламсауыт, д.. птер
Қосымша: Ойындар әлемі. 3 - тапсырма. Кім жылдам ойыны. Үш топтан шыққан оқушы оқу - құралдарын дұрыс салу қажет.

4. Бекіту кезеңі:
4 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың ораторлық талантын тексеру.
1 - топ қуанышпен оқу; 2 - топ: ренішпен оқу; 3 - топ: күліп оқу.
Мәтін 48 - беттегі өлең:
Ақмарал мектепке бар.
Оқу - құралдарын ал
Кітап, қалам, өшіргіш.
Қарындаш, дәптер, сызғыш.
Сергіту сәті: Қолым менің қалам боп жазу жаза алады.
Көзім менің сызғыш боп, түзу сыза алады.
Басым менің өшіргіш, кәне бәрін өшіріс.
Аяқ - қолым қайшы боп қағаздарды қияды.

5. Қорытындылау бөлімі:
5 - тапсырма. Өз газеттерін топпен қорғау.
1 - топ: Оқу - құралдары.
2 - топ: Сөмке.
3 - топ: Қаламсауыт.

6. Үй тапсырмасын беру: 1) Нәтиже сабаққа дайындалу.
2) сөмке суретін салу
7. Бағалау: Бағалау парағы арқылы смайлик жинап, топпен бағалау; өздік бағалау;
Сау болыңдар!!!


Скачать


zharar.kz