Мұқағали МақатаевӘй, Сергей

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Түстім - ау сергелдеңге мен де сендей.
Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем,
Жаны ашып, ақыл берген елге сенбей.
Мен - дағы сол жақтанмын,
Ауылданмын,
Ауылдың ауруымен ауырғанмын.
Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса,
Алматы мені солай қабылдады.
(Менің де өкіндіре өткенім көп)
Атқа міндім, алысып, теппедім доп.
Мен - дағы малды сүйем, итті сүйем,
Інімнің маңдайынан шерткенім жоқ.
Шаршағанда ширығам шарап ішіп,
Саған ұқсап менің де жанады ішім.
Құлағыма сыбырлап құран оқып,
Иектейді мені де Қара кісі .
Мен де сендей, Серега, күнәдамын,
Жыр азабын тартамын, тіл азабын.
Туған ауыл, туған жұрт қайда барсам,
Қайда барсам - қасымда Рязаным...
Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Бір ауылдан екенбіз мен де, сен де....
Басым сынып барады, басым сынып,
Жөндесем де болмайды, емдесем де.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz