1. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі (9 сынып)
2. Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу (7 сынып)
3. Динамика тарауы бойынша қайталау сабағы. Қозғалыс заңдары
Сабақтың тақырыбы: Динамика тарауы бойынша қайталау сабағы. Қозғалыс заңдары
Сабақтың мақсаты:
1. Динамика тарауы бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімдерін тереңдету
2. Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, ізденуге, оқуға дағдыландыру
3. Еңбекке баулу, өз бетімен ізденуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, қайталау, пысықтау
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, таразы, динамометр, үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өтілген тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарына жауап алу
1. Ньютонның І заңы қалай тұжырымдалады?
2. Ньютонның ІІ заңы, формуласы
3. Ньютонның ІІІ заңы, күштерінің бағыттарын көрсету
4. Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай өрнектеледі?
5. Гравитациялық тұрақтыны көрсет және оның мәні неге тең?
6. Күштерді қандай құралдың көмегімен өлшейміз?
7. Дененің массасын таразыға таптыр қалай өлшейді?
ІІІ. Топ бойынша формулалар жазып көрсету. Күш , Энергия , Жылдамдық
ІV. Қане, кім жылдам (есеп сайысы)
1. Тыныштық күйінен құлайтын дене қанша уақыт ішінде 4, 9 м жол жүреді?
2. Массасы 10 кг денені жер бетінен 8 м с2 үдеумен тік жоғары көтеру үшін қандай күш жұмсалуы керек?
3. Доп жер бетінен 10 м биіктіктен 20 м с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. 3 с уақыттан соң доп жерден қандай қашықтықта болады? Q=10 м с2
V. Тақырыпқа сәйкес жұмбақтардың әр топ бойынша шешулерін табу
1. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға келеді.
3. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан.
4. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды
5. Тіршіліктің қамы үшін,
Жоқшылықты түзейді.
Егер іскер жан үшін,
Жоқшылықты тежейді.
6. Бір бұлбұл отырады салып әнді,
Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.
Өнері қандай асқан деп ойладым,
Бір демде жер түбінен хабар алды.
7. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады.
VІ. Тест сұрақтарына жауаптар алу.
1. Серпімділік күші дегеніміз не?
2. Еркін денеге күш түсірілсе қалай қозғалады?
3. Серпімділік қатаңдық коэффиценті дегеніміз не?
4. Қандай жағдайда қозғалыстағы дененің салмағы тыныштық күйдегі салмағынан аз болады?
5. Шеңбер бойымен қозғалатын дене жылдамдығын бірқалыпты азайтатын болса, үдеуі қалай бағытталады?
6. Халықаралық бірліктер жүйесінде энергияны қандай бірлікпен өлшейді?
7. Сұйықтағы немесе газдағы үйкеліс күшінің құрғақ үйкеліс күшінен айырмашылығы неде?
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Бағалау. Үйге тапсырма.