Қызығушылықтарын ояту

Скачать

Алгебра 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның п - мүшесінің формуласы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Геометриялық прогрессияның анықтамасын білу, геометриялық прогрессияның рекурентті формуласын жалпы түрде жаза білу, кез - келген көршілес мүшелерінің қатынасы арқылы еселігін таба білуді қалыптастыру.
Дамытушылық: Әр оқушыға қолайлы тапсырма беру арқылы сапалау Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, математикалық тізбектер туралы ұғымды, ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: білімділік пен білімсіздікті салыстыруға, терең ойлай білуге, шыдамдылыққа, тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа, нақты шешім таба білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Оқыту әдісі: СТО, диалогті оқыту, топтық жұмыс
Көрнекілігі: Плакат, интерактивті тақта, кесте, парақтар А3, түрлі түсті маркерлер, компьютер,

Сабақтың жүрісі
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қызығушылықты ояту
(Үй тапсырмасын тексеру)
ІІІ Жаңа сабақ. 1. Ой қозғау сұрақтары
2. Формуланы пайдалану
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қорытындылау: ( Рефлексия)
VІІ. Бағалау.

Сабақтың жүрісі
І. Қызығушылықтарын ояту.
а) Сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу;
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқушылар көңіл - күйімізді сергітіп алайық.(Музыкаға билеу)
Ал енді оқушылар топқа бөлінеміз. (смайликтер арқылы)
1. Ой қозғау Миға шабуыл
А) Өткен тақырыпты қайталау мақсатында мына берілген тізбектердің қандай тізбектер екенін анықтаймыз:


Скачать


zharar.kz