Қазақ тарихындағы әйелдер
Зеріп ана
Бәйдібек бидің Сары бәйбіше (Марау), Зеріп, Домалақ ана (Нұрила) атты үш әйелі болған. Шежіре бойынша, Домалақ анадан Албан, Суан, Дулат рулары тараса, Зеріп анадан Шапырашты, Ысты, Ошақты рулары өрбиді. Бұл аталған рулар қазір Ұлы жүздегі Үйсіннің іргелі үш тайпасына айналғаны белгілі.
Зеріптен Жәлменбет батыр туады. Жәлменбеттің Жұмар, Сыланды, Тұмар есімді үш әйелі болған. Бұлардың үшеуінің де есімі ел-жұртқа ұйытқы болған қасиетті аналар ретінде сақталған.