Денені салыстырған салтанатым Тығыздық мен боламын ұғына біл

Скачать

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
№16 орта мектеп – гимназиясы
Физика пәнінің мұғалімі Ботантаева К.А.

Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру. Күш ұғымын түсіндіру. Күштің түрлерімен және динамометрдің құрылысымен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: өлшем бірліктерді қорыта білуге үйрету. Оқушылардың танымдық қасиеттерін және шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: пәнге деген қызығушылығын арттыру.. Азаматтыққа, жоғары саналылыққа тәрбиелеу. Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету, балаларды еңбектене, іздене білуге баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, ребустар, электронды
оқулық, шар, пласталин,, таразы, серіппе.
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, түгендеп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Үй жұмысын сұрау:
1. 1 кг – да неше грамм бар?
А) 1000 гр;
В) 100 гр;
С) 0, 001 гр;

2. 72 км сағ неше м с - қа тең?
А) 10 м с;
В) 20 м с;
С) 15 м с;
Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында Н. Назарбаев

Тақпақтар арқылы физикалық шамаларды тауып, формуласы мен өлшем бірлігін жазу.
1. Қозғалыс тездігін мен сипаттаймын
Өзімді мен әлсізге ұқсатпаймын
Желаяқ желдей ессе зымырайды
Шыңдасам күш өзіңе ұстатпаймын
Шығады басқалардан асқақ әнім,
Уақыт пен жол дегенді басқарамын. (жылдамдық)

2. Жолың болсын жолаушы
Жол аталған ұғыммын
Жылдамдық пен уақыт
Сыйлайды маған көп бақыт!
Сәтті күні әрқашан
Маған сенде жолға шық!
Жол боламын атақтты
Жолың болар жолаушы
Білсең жолдың ұғымын! (жол)

3. Өткені ешкімге де сезілмейтін,
Ұғыммын уақыт атты білінбейтін
Өлшемім сағат, минут, секунд болған
Көзіңе елес болып көрінбеймін
Уақыт бос өтпесін, оқы достым!
Жасыңа әр жыл сайын бір жас қостым!
Ғасырға қадам бастық мен арқылы,
Міне, менің құдіретім, осы достарым! (уақыт)

4. Көлем атым!
Қызыл тілім, жасқанба,
Сөйле батыл!
Массаны тығыздыққа бөліп берген
Көлемнің ерлігімен,
Шыққан аты! (көлем)

5. Денені салыстырған салтанатым
Тығыздық мен боламын ұғына біл!
Салыстырып әлемді шыққан даңқы,
Денең де тығыз болсаң, шымыр болсаң.
Бұлшық ет бұлтиып бір күшке толса
Тығыздық құдіретін түсінер ең,
Басыңа физикалық білім қонса! (тығыздық)

Жаңа сабақты түсіндіру.
Қозғауға барлық затты күшім жетті.
Мен арқылы қозғалып барлық дене,
Атандым әрі күшті, әрі текті!
Мен арқылы тартылып барлық ғалам,
Өрекпіп өр көңілім оттай жанам
Жететін маған кім бар кел ортаға,
Жетілді білім алып ой мен санам. (күш)

Балалар бүгін сіздер күш тақырыбымен танысасыңдар.
Білегі күшті бірді жығады,
білімі күшті мыңды жығады .
Көптің күші – бірлікте .

Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз.
Демек, күштің сан мән көп те, аз да болуы мүмкін.
Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.

Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.

SІ жүйесінде күш бірлігіне Ньютон (Н) алынған. 1Н – тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м с жылдамдық беретін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі – килоньютон (кН) да қолданылады. 1кН = 1000 Н.

Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация (латынша деформация – бүліну, бұзылу) деп атайды.



Скачать


zharar.kz