Бұл әңгіме қытай тілінен аударылған екен, соған қарағанда Қытай елінде болған - ау шамасы.
Бір қарт әжей күнде шелегін алып суға барады екен. Ол үйге жеткенше судың жартысын ғана әкеледі екен. Себебі оның екі шелегінің бірінің түбі аздап тесілген екен, үйге жеткенше, толтырып алған суының жартысы төгіліп, жартысы ғана қалады екен.
Суы толы шелек үнемі өз - өзіне разы болып келеді де, суы ортайып қалған шелек үнемі мұңайып келеді. Суы ортайған шелек: Менің кесірімнен қарт әжей күнде суға баруына туралы келеді - деп, байғұс кемпірге оның жаны ашып былай деді:
- Апатай мені кешірші, үйге жеткенше суыңның жартысы төгіліп жартысы ғана жетеді, ал мен болсам оған еш шара қолдана алмаймын.
Алайда ақылды қарт әжей оған күлімсіреп қана қарады да:
- Сен бекер мұңаясың, сенің арқаңда жолдың жиегінде қаншама әдемі гүлдер өсіп тұр, көрдің бе? Ол гүлдерді мен, сенің көмегіңмен күнде суарып өтемін. Жайнап өсіп тұрған гүлдер менің үйіме қандай сән беріп тұр және оларды көрген сайын, көңіл - күйім сондай көтеріліп, жүрегіме жылылық ұялайды. Бұл әсемдік сенің арқаңда пайда болды, егер сен болмағанда бұндай әсемдік бұл жерден болмаған болар еді.