Балалар Мағжан кім

Скачать

Тақырыбы: Бесік жыры
Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп, сауатты, түсініп оқуға машықтандыру.
Оқушылардың ой - өрісін, ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Кішіпейілділікке, мейірімділікке, ата - ананы сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, оқулық, плакаттар.
Саб. әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үйге тапсырма сұрау. Ф. Оңғарсынова Әже жатқа сұрау.
Бекіту. - Ф. Оңғарсынова кім?
- Ақын туралы не білесіз?
- Басқа қандай өлеңдерін оқыдық?
- Өлеңде кім туралы айтылған?
- Әжелерің бар ма?

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар әжелеріңізден басқа сендерге қамқор болатын кім?
Ендеше Ы. Алтынсариннің Бұл кім? өлеңін оқып көрейік кімдер жайлы айтылғандығын білейік. (Оқушыларға оқыту, талдау, түсіндіру)
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Қандай өлеңдерін білесіздер?
- Қандай әңгімелерін оқыдық?

Ребусты шешу:
"Бесік жыры"

- Балалар бесік жырын кімдер айтады? (Аналар)
- Кімдерге айтылады? Не үшін? (Нәрестелерге, ұйықтату үшін)
- Бесік не үшін қажет?
Ендеше балалар бүгін біз Мағжан Жұмабаев аталарыңның Бесік жыры өлеңін оқимыз. Балалар Мағжан кім?
Мағжан Жұмабаев туралы мәлімет беру.
Бесік жырын оқу. Әуенмен әндетіп оқушылармен бірге айту.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Балалар бесіктің пайдасы бар ма екен? (жылы, жұмсақ төсек)
Ана баласын еркелетіп, ұйықтатып жатыр, жақсы сөздер айтып тербетеді екен.
Үйде аналарың айтатын бесік жырын білесіздер ме?
(Оқушыларды тыңдау)

СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТАМЕН ЖҰМЫС.


Скачать


zharar.kz