Жадылық серуен тапсырмасы

Скачать

Топтамадағы сабақ жоспарлар тізімі:
1. Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя (үзінді).
2. Сәбит Мұқановтың әңгімелері Есіл бойында , Саятшы Ораз
3. Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік (тәрбие сағаты)

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя (үзінді).
Жалпы мақсаты: 1. Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармасына тоқталу, Ұшқан ұя роман үзіндісінен ұлттық тәрбиеге, өнеге, халық даналығы туралы ой бөлісу;
2. Оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру; ойлау әрекетін дамыту;
3. Б. Момышұлының жеке қасиеттерін үлгі ете отырып, ұлттық тәлім - тәрбиені бағалауға, елжандылыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі: Автобиографиялық шығарманың үзіндісі арқылы автор бейнесін таниды; ұлттық тәрбиені құрметтейді, патриоттық сезімі артады.
Дереккөздер: Оқулық, дәптер, презентация, түрлі түсті маркерлер, постер, кеспелер, деңгейлі сұрақтар топтамасы.
Сабақ кезеңдері:
1, кіріспе кезеңі. Тренинг. Тауып көр әдісі арқылы ынтымақтастық атмосфера қалыптастырады.
Белсенді, интеллектісі жоғары 4 адамнан топ құрылады, сол топтан бір оқушы екінші оқушыны ауа райы анықтамаларын қолдана отырып, сипаттауы тиіс. Қалғандары сол оқушыны табуы тиіс. 3 - 4 рет қайталанады
2. Топқа бөлу. Тілек жазылған суреттер арқылы оқушыларды төрт - төрттен отырғызады.
3. Білу. Үй жұмысын тексеру.
Сыныптың білім деңгейін анықтау мақсатында үйге берілген тапсырма бойынша Жадылық серуен ұйымдастырамын.
Жадылық серуен тапсырмасы. Мақсатым: Оқушылардың метатанымын дамыта отырып, оқыған материалды есте сақтауға, келешекте қолдануға бағыт беру.

1910 жыл - Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау мекенінде дүниеге келді;
1928 жыл - Қызыл Армия қатарында
1932 жыл - Өзбекстанда алғашқы әскери дайындықты өтті
1933 - 1936 жылдары - кіші командирлер дайындайтын курс
1955жыл - Қызыл Армия құрамынан босағаннан кейін жазушылық жолға түсті
1936 - Қиыр Шығыстығы шекаралық әскери құрамы артиллериялық взводының командирі
1941 жылы - 316атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына аттанды
1990 жылы - 1941 - 1945 жылдардағы соғыста көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағы Батыры атағы берілді
1991 жыл – Халық Қаһарманы деген атақ берілді
2000 жыл - Ғасыр адамы деп танылды.


Скачать


zharar.kz