Жоғарғы топ тәрбиеленушілерін жан - жақты дамытуда ертегінің маңызы Менің педогогтік ұстанымым

Скачать

Жоғарғы топ тәрбиеленушілерін жан - жақты дамытуда ертегінің маңызы
Менің педогогтік ұстанымым:
Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қаблетін дамытады, ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес!
В. А. Сухомлинский.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Әбішұлы Назарбаевтың:
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт - бағдарын анықтап, айқындап берген болатын. Сондықтан бала бақша жасындағы балаларды жан - жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде.

Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан – жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.

Балабақша жасындағы балаларды жан - жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рольі өте зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан - ақ өзінің жиып – терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген.

Мінеки жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі ертегілер.

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Онды ауылы, Құлыншақ балабақшасының
әдіскері: Гүлаш Бексейтова


Скачать


zharar.kz