Мұражайда
Міне, келдік мұражайдың төріне,
Өлкеміздің төл тарихын білуге.
Туған жерім, туған өлкем, бұл – Тараз,
Білген жанға тұнып тұрған шежіре.
Білсем деймін әр жәдігер тарихын,
Күмбірлеткен көне шаһар әр күнін.
Тағылымы мол Ұлы Дала елінің,
Көнелерден жеткен бізге наз үнін.
Сан экспонат тұр мінекей жарқырап,
Болады көрсең оларды сен жақындап.
Көз тартады алыстан - ақ жалтырап,
Уақыттарды артқа тастап тұр қарап.
Қазағымда болған талай батырлар,
Ер жігітте болу керек қарулар.
Бас - аяғы отыз мыңнан асатын,
Жәдігерге тамсанады балалар.
Мұражайда талай байлық бар екен,
Мен көрмеген жәдігерлер қанша екен...
Туған жердің тарихынан нәр алып,
Жаңғыруға қосқан үлес болса екен...
Бауыржан Момышұлы атындағы
№45 қазақ классикалық гимназиясының
5 сынып оқушысы Ғани Айзере