Дастарқан басындағы дәстүрлер

Скачать

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды дастарқан басында сақталатын рәсімдермен, ырым - тыйымдармен таныстыру. Ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен және ұлттық ыдыс - аяқтармен таныстыру.
2. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды, басқа да тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.
3. Оқушылардың мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру, тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ыдыс - аяқ суреттері, қанатты сөздер.
Тамақты тарта жесең, санаңды ашар, көп жесең, ұйқы басар
Таспен атқанды, аспен ат
Дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ішінде ең негзгісі де осы нан байлығы

Сабақтың жүру реті:
І. Дастарқан басындағы дәстүрлер
ІІ. Ырым - тыйымдар
ІІІ. Асты қалай ішу керек
ІV. Түрлі - түрлі тағамдар
V. Ыдыс - аяқ туралы жұмбақтар
VI. Қорытындылар

І. Дастархан басындағы дәстүрлер.
1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастарқан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастарқан басында шешілген. Сондықтан халық дастарқанды Құттыхананың берекесі деп қасиет тұтады.
2. Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.
3. Таспен атқанды аспен ат деп халық бекер айтпаған. Себебі дастарқан дәмі - киелі. Оны татып келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.
4. Сонымен бірге дастарқан күнделікті отбасынан тамақтануына үйге келген адамға дәм таттыруға, той - тамашаға, ас - су беруге жайылады.
5. Онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.
6. Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында асты ең алдымен ата - анаға үлкенге ұсынады.
7. Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.
8. Дастарқан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.
9. Тамақ ішер алдында тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылатын су жылы болу керек.
10. Су құйдым да құманмен
Қолына мен әкемнің
Содан кейін оған мен
Орамалды әпердім.
11. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
12. Тамақтанып болғаннан кейін дастарқан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.
13. Тойға жайылған дастарқанға қойылатын ас тәртібі оған жиналған адамдардың достық, туыстық қатынастарына байланысты орындалады.
14. Қазіргі тойларда дастарқан жаю - мәдениетті дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе жеміс пен көкөніс дастарқанның сәні.
15. Той дастарқан, той үлгі
Бай дастарқан жайылды.
Атап - атап ас қойдық
Атаға деп бас қойдық.
16. Жамбас қойдық құдаға
Жал мен жая сыбаға
Қалақтай төс жездеге
Қазы - қарта өзгеге.
17. Балаларға - тортымыз
Барлық жұртқа құртымыз
Балмен піскен қауыршақ
Балдай тәтті бауырсақ.
18. Уыз, қаймақ тағы бар
Уылдырық табылар
Табан, сазан, майшабақ
Табақ тарттық қайталап.
19. Қауын - қарбыз - көкөніс,
Қанша жидек, көп жеміс
Қане, тойда тойыңдар,
Кәдеден соң ойын бар.


Скачать


zharar.kz