Андронов мәдениеті

Скачать

Жұмыстың тақырыбы: Ою - өрнек - өрелі өнер
І. Кіріспе
Мазмұны
ІІ. Пікір
ІІІ. Аннотация
ІV. Кезеңдер: 1. Қазақстанның ою - өрнек өнері. Андронов мәдениеті
2. Ою - өрнек түрлері.
3. Ою - өрнек құрлысы.
4. Қазақ ою - өрнектерінің мағынасы мен тәрбиелік мәні туралы.
5. Ою - өрнек зерттеушілері.
6. Өрнектердің түстері мен бояулары және бұйымдарды өрнектеу.
7. Ою - өрнектердің қазіргі заман талабына сай қолданылуы.
8. Тарихтың таңбасы – ою - өрнек
9. Жеке шығармашылығы
V. Қорытынды
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аннотация
Қазақтың сәндік – қолданбалы ою - өрнегі жайлы сөз қозғағанда, көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Оны бір қасиетті сөздер өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т. б. өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының ежелгі замандардан - ақ қалыптасып, үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан ою - өрнегі – сол сұлулық әлемінің ішіндегі ерекше бір саласы.
Ою - өрнек – тарихы тереңде жатқан, теориясы күрделі әсемдік өнері.

Казахское народно - прикладное искусство, ассоцируется с красотой нежностью, благородством казахского народа. Эти национальные качества используются в любом жанре искусства. В литературе, архитектуре, акультуре и. т. д.
Народно - прикладное искусство, является одной из древнейших искусств, а также в современном мире оно постоянно обновляется и пребряжается казахский национальный орнамент – это вид искусства, корнями уходящий глубоко в историю, и имеющий сложную теорию.

Kazakh folk – arts and crafts, is associ a ted with beauty, generosity of the Kazakh people. These national guality used in any genre of art in liferature in architecture, sculpture etc. Folk - arts and crafts is one of the oldest arts, as well as in the modern world is constantly updated and changld.
Зерттеу мақсаты:
Ою - өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып, осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.
Халқымыздың көркем мұрасы ою - өрнек өнерін, ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның көне және озық үлгілерін сөрелеп шығу, тарихын, қоғамдық әлеуметтік, тәрбиелік мәнін ашу.

Зерттеу нысаны:
Ою - өрнек өнерді тұтыну қажеттігін, өнердің жаңа бағыттарын анықтау, жүйелеу.
Қазақ ою - өрнегінің әр түрлі тарихи кезеңдердегі композициялық ерекшеліктерін анықтап, олардың даму жолдарын зерделеп, ғылыми негіздерін жүйелеу.
Зерттеу құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, кезеңдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің өзектілігі:
Ұлттық ою - өрнектерді зерттей отырып, халқымыздың ою - өрнегін өшуге, жоғалуға жатпайтынын жас ұрпаққа дәріптеу.

Зерттеудің міндеттері:
- Отаныма, өз еліме адал қызмет ету.

1) Ою - өрнек өнерінің шығу тарихы мен сол заманғы қоғам дамуы.
2) Ою - өрнек түрлері мен оның экономикасы материалдың құны.
3) Ою - өрнекті тұтыну қажеттілігі мен орындалу техникасы.
4) Жеке шығармашылық тұлғаның дамуы. Қолөнер шеберлерінің шығармашылығы.
5) Өнердің жаңа бағыттарын анықтау, жүйелеу.
6) Заман талабына сай халқымыздың ұлттық мәдениеті мен рухани мұраларын ою - өрнек өнері арқылы ұрпақ санасына сіңіру.

Жұмыстың орындалу әдістері:
Бүгінгі тақырыпқа байланысты туындап отырған мәселеге қатысты ғылыми әдістеме көздерін теория түрінде талдау.
Оқушылардың ою - өрнек өнеріне деген оқу танымдық шығармашылығын, іс әрекетін талдау.
Жұмыстың нәтижесі:
Ата - бабаларымыздың жинақтап дайындаған бай тәжірибесін қолдана отырып, ою - өрнектің технологиясын таңдап алудағы оқушының іскерлігін, шеберлігін қалыптастыру.
Өрнектелген бұйым арқылы оқушының ұлттық өнерге деген көз - қарасын, қызығушылығын дамыту.

Зерттеудің жаңалығы:
Ғасырлар бойы келе жатқан ою – өрнектерді ғылыми тұрғыда талдап, жаңа заман талабына сай өзгерістер енгізу жолдарын қарастыру.
Қазіргі заман талабына сай шеберлердің шығармасының дүниеге келуі зерттеу мен білгірлікті, еңбекқорлықты, ғылымдылықты, талант пен дарындылықты қажет ететіндігін ұғыну.

Даму тарихы
Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.

Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі. Сол қазақ ою - өрнегінің мақұлықаты, нәубет аты, ғарыштаты, тікесызықты, нышандық, танымдық т. б сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан 60 - қа жуық оюлардың мазмұны мен нұсқасы, атаулары жиналған. Мәліметтерге сүйенсек, шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме - дәл түсіруге ұмтылған. Бұйымдарда жан - жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т. б және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген.

Қазақ ою өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан сақ, Андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті б. з. б екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында Батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б. з. б 7 - 10 ғасырда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды азиялық скифтер - деп, ал парсы тарихшылары сақ - деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.

Ұлттық ою - өрнек түрлері
Қазақтың ою - өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бұл жерде 200 - ге тарта түрлерімен жас ұрпақты кеңірек таныстырып және ою - өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшін де түсінікті болу жағын қарастырдық.

... Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күні кейбір облыстардағы қошқармүйіз , өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен. Ырғақ , сағат бау , түйетабан , жүрекше , қазтабан - деп аталатын әдемі өрнектерді кейбір облыс шеберлерінің орындауында олқылықтар бар. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылтып, оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз қажет.

Қазақтың ұлттық ою - өрнектерінің негізін іздестіру ісінде Т. Қ. Бәсеновтың Орнаменты Казахстана в архитектуре деген кітабы көптеген құнды материалдарға толы. Автор ою - өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр - түрге ажыратады. Мысалы: арқармүйіз , қырық мүйіз , сыңармүйіз , қармақ , ырғақ , қошқармүйіз , жапырақ , гүл , т. б.
Әрбір ою - өрнектегі атау жай ғана атау емес, сол атаулар арқылы ою – өрнектің тал бойында жасырын жатқан сырды, маңызды да мағыналы ойды алуға болады.

Мәселен, орамал балдақ - оюының атауында да мағыналы мән жатыр, орамал - әйелдер басына тартатын жаулық, балдақ - шымылдықтың бау өткізетін шығыршығы, ілгегі, яғни, орамал мен балдақ жаңа түскен келінге шымылдық тұту басына жаулық салу сияқты қазақ салтының шартты бейнесі ретінде бейнеленген.

Орамал балдақ - өрнегінің жан - жағына тұмар , гүл оюы , су оюлары салынып, аққуларға қызыл, жасыл, көк түспен тоқылады. Мұнысы – туған жердің гүліндей жайнап, сарқырап тоқтамай, ақпай судай, мәңгілік халқыңа қызмет ет - деп халықтың жаңа түскен келінге айтатын арман тілегі.


Скачать


zharar.kz