Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрете отырып, олардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың шрифті, абзацты пішімдеу параметрлерін, стандартты өлшем және әріп гарнитурасын қоюда алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: дербес компьютер, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) ауызша сұрау
• Мәтін құрған кезде құжатта қандай белгі пайда болады? (азатжол белгісі)
• Оны өшіруге бола ма?
• Жаңа азатжолды қалай қосамыз?
• Жаңа жол қалай қосылады?
• Тыныс белгілері үшін қандай пернелер пайдаланылады?
ә) Тест арқылы білімдерін тексеру.
1. Ctrl+C пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?
*А. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру
В. Бөлікті алмасу буферіне жылжыту
С. Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру
Д. Құжатты дискіге көшіру
2. Вырезать батырмасының қызметі:
А. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру
В. Құжатты алмасу буферіне жылжыту
*С. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту
Д. Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру
3. Символдар.... анықталған жерге енгізіледі?
А. Алдыңғы символдың орнымен
В. Кез келген
С. Адреспен
*Д. Курсордың орнымен
4. Қандай амал басқа барлық таңдалған көрсеткішті бұзады?
А. Мәтіннің бөлігін жою
В. Мәтіннің бөлігін жылжыту
*С. Мәтінді сақтау
Д. Мәтін бөлігін көшіру
5. Берілген үлгі бойынша мәтінде сөз іздеудегі ең маңызды үдеріс
А. Ақпаратты сақтау
В. Ақпаратты жөнелту
С. Ақпаратты өңдеу
*Д. Ақпаратты алу
ІІІ. Білімді өзектендіру.
• Қандай мәтінді пішімдеу мүмкіндіктері бар?
• Мәтіннің ең кішкентай элементі қандай?
• Маркерленген тізімді қалай құрамыз?
ІV. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау.
Оқушыларға терең де тиянақты білім беру
V. Жаңа сабақты түсіндіру
Әріпті пішімдеу құжаттың мәтінін тартымды етуге мүмкіндік береді. Әріпті пішімдеудің негізгі параметрлері
– гарнитура (әріптің түрі)
– кегль (мөлшері)
– түс.
Іскерлік хаттар, рефераттар үшін әріптің 14пт мөлшері, Arial немесе Times New Roman гарнитуралары ұсынылады. Ерекшеленген мәтінді пішімдегенде пернелер тіркесімен бірге пайдаланған да ыңғайлы. Мысалы, әріптің кескінін жуан ету үшін Ctrl+B (Bold сөзінен), курсив ету үшін Ctrl+I (Italic сөзінен) пернелер тіркесімін қолдануға болады.
Егер электрондық құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шет бойынша түзеу анықталады. Абзац үшін келесі баптаулар түзеледі:
– түзеу, (сол жақ, оң жақ, ортасы бойынша)
– жоларалық интервал,
– шегінулер, шегіністерді сызғыштың көмегімен тағайындайды.
Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі – табуляция. Табуляцияның мәнін анықтау отырып, мысалы, мәтінде екі бағанға бөлуге болады. Абзац – Тіркеме беттер (Вкладки) бұйрығы орындалады. Табуляция позицияларының өлшемі 6 см етіп алынған. Мәтін енгізгенде Таb пернесін басу жеткілікті.
Егер оқушылардың тізімін басып шығару керек болса, не істейміз? Word мәтіндік процессорында мәтінді тізім түрінде ұйымдастыруға болады? Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нөмірден немесе арнайы таңбашадан – маркерден басталады. Тізімді бастау немесе аяқтау үшін Тізімді бастау батырмасын басыңдар.
Абзацты тізімдегі шегініспен құру үшін, Shift және Enter пернелерін бір мезгілде басыңдар.
VI. Сабақты бекіту.
Тәжірибелік тапсырма ретінде мәтін теруді ұсыну. Таңдалған деңгей бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау.
Сұрақтар:
1. Әріпті пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар?
2. Әріптің мөлшерін қалай өзгертеміз?
3. Мәтінді қалай қисық, асты сызылған етеміз?
4. Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін ата?
5. Сызғыш не үшін керек?
6. Табуляция не үшін керек?
7. Маркерленген тізімді қалай құрамыз?
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Орындалған компьютерлік жұмысты бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: 22, 23 тақырыптарын оқу.