Информатика
Сыныбы: 7 А , 7 Б
Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы дарындылар
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтастыру,сұрақ - жауап, ойын элементтері, баяндау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің Озық ойлы дарындылар сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Озық ойлы дарындылар сайысына 7 а және б сыныптарынан құралған Процессор және Пернетақта атты 2 команда қатысады. Сайыс 7 турдан бойынша өткізіледі.
І. тур. Ойлан тап!
ІІ. тур. Бейне сұрақ
ІІІ. тур. Адасқан әріптер .
ІV. тур. Кім жылдам .
V. тур. Дешифратор .
VІ. тур. Үй тапсырмасы
VІІ. тур. Құпия жәшік сұрағы.
Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Ендеше 7 сынып оқушылары арасында өткелі отырған Озық ойлы дарындылар сайысын бастайық.
І. кезең. Ойлан тап! сұрақ жауап бөлімі. Бұл бөлімде 2 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Ең бірінші программа құрған оқымысты........... (Ада Лавлейс)
2. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда болған? (IX ғасыр, Әл - Хорезми)
3. Программа неше бөліктен тұрады? (3 тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі.)
4. Программамен басқарылатын аналитикалық машинаны ойлап шығарған ағылшын ғалымы... (Чарльз Бэббидж)
5. АҚШ - тың IBM фирмасы қай жылдан бастап дербес компьютерлерді шығара бастады? (1980)
6. Деректерді уақытша сақтауға арналған құрылғы (Жедел Жады)
7. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама)
8. Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға)
9. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)
10. Деректер бойынша шамамен жасы 2000-5000 жыл болатын құрал ?(Есепшот)
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?
ІІ. кезең. Бейне сұрақ экранға назар аударайық,дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.
1 сұрақ: Процессор тобына
Таңбаша дегеніміз не?
Жауабы: нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелерді айтады.
2 сұрақ: Пернетақта тобына
Файл дегеніміз не?
Жауабы: Аты бар , бірқатар байттар тізбегі.
Бұл жарыс біткен жоқ кетпейік,
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.