Педагогикалық ұстанымы:
Ұстаз – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана ұстаз, оқуда ізденуді тоқтатысымен оның ұстаздығы да
жойылады К.Ушинский
Мұғалімнің ұстанымы: Мен мойныма қандай жауапкершілікті алғанымды сезе отырып, ұстаздық жұмысымды адал да сапалы жасауға тырысамын. Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады , - демекші, балаларға адамгершілік пен мәдениеттілікке білімділік пен мейірімділікке үйретуді мақсат етемін..
Сабақтың тақырыбы: Рационал өрнекті теңбе-тең түрлендіру
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал, яғни алгебралық бөлшектерге амалдар қолдануды, рационал өрнекті түрлендіруге үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Рационал өрнектерді түрлендіру кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер:
Түсіндірмелі-көрсетілімді (М.Н. Скаткин)
Миға шабуыл
Проблемалық әдіс
Өз шешімдерін ұсыну, сұрақ-жауап және талдау, рефлексия
Сабақтың типі: Меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: информатика, логика
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, карточкалар, белсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы, сызбалар.