Мотивация
- Мен жақсы адаммын ба?
- Әрине, сен өте жақсы адамсың.
Сен жарыңа бір сәби сыйлай алмадың, бірақ ол сені тастап кетпеді. Сен жақсы болғаннан кейін да күйеуің әлі қасыңда. Себебі, сен жақсы әйел болғаннан ол сені тастамайды. Сенен еш жамандық көрмеді, тастап кетуге Құдайдан қорықты. Күйеуің де өзің секілді адамгершілігі мол адам. Нағыз ер азамат жұбын ешқашан тастап кетпейді. Өйткені ол нағыз азамат!
Сенің достарың аз, аз болғанмен де нағыз достарың бар. Өйткені сен адалсың, олар сенің осы қасиетіңді жоғары бағалайды Өйткені, олар да өзіңдей адал жандар. Олар сен қиналғанда ештеңеге қарамай жетіп келеді. Тіпті көмектесе алмайтында күйде болса да рухыңды көтеруге тырысады, сынып кетпесе екен деп шын тілеулестігін білдіреді. Шіркін, осындай шынайы достары бар, адал жары бар сен шынында бақыттысың!
Сен Құдай сүйген жақсы адам болғаннан – денің сау, басыңда баспанаң бар, адал жарың бар, шынайы достарың бар, бауырларың арасында абыройың жоғары. Сені бауырларың арқа тұтады, жұбайың дауысыңды естімесе сағынады, көрмей қалса достарың іздейді.
Жаным сен бақыттысың! Бақытты бола бересің!
Жадыра