Атырау қаласы, Еркінқала селосы,
Еркінқала балалар саз мектебінің
халық әні - терме мамандығының мұғалімі
Идирова Жадыра Саматқызы
Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған мерекелік шара.
Тақырыбы: Ана – өмірдің шырағы
1 - Жүргізуші: Ана, Ана, Ана!
Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп - төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлейтін жан барма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Олай болса бүгінгі аналар күніне арналған Ана - өмірдің шуағы атты мерекемізді бастаймыз.
2 - Жүргізуші: Аяулы әжелер, ардақты аналар, ұлағатты ұстаздар, ару қыздар. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - Жүргізуші: Наурыз күні - Ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ана үні,
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.
Би:______________________ орын:
2 - Жүргізуші: Ана - ең аяулы жан. Ол іңгәлап дүние есігін ашқан сәттен бастап өмір бойы өз ғұмырын бізге арнайды. Қандай жағдайда болмасын әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан - ол қасиетті аналарымыз!
Ана деген асқақ ән, Орындайтын әрқашан. Анадай қымбат сыйлықты, Таба алмайсың ешқашан! Ана деген ақылшың, Анаң барда батырсың. Қасыңда кім болса да, Тек анаңа жақынсың.
Ән:_______________ орын:
1 - Жүргізуші: Бүгін Наурыздың 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Құттықтау сөз: Мектептен тыс жұмыс орталығының директоры ------------------------- беріледі.
2 - Жүргізуші: Біз келдік ортамызға домбыра алып,
Кетуші ек күй тартқанда топты жарып,
Құрметтеп аналарға күй арнайық,
Тыңдаса көп әлеумет құлақ салып.
Күй ___________________________ орын:
1 - Жүргізуші: Туғаннан құлыным небір даналар
Өзіңдей қамқор адам қайда маған
Дүние аналармен көрікті ғой,
Анасыз бұлбұл құста сайрамаған.
Құттықтау сөз: Мектептен тыс жұмыс орталығының оқу іс меңгерушісі --------------------- беріледі.
2 - Жүргізуші: Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз.
Халық әні: _____________________ орын
1 - Жүргізуші: Теңіздей тербетілер көл бетінде
Бишілер билеп берер тербетіле,
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Асығуда өнерлерін көрсетуге Би: ______________________ орын:
2 - Жүргізуші: Туғанда күнім - ай деп аймалаған,
Адам да ана сүтін ақтамаған,
Адам боп жүрмісіңдер жер бетінде,
Ананың махаббатын сыйламаған.
Арнау сөз:______________________ орын
1 - Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Ән:_________________________ орын:
Күй:________________________ орын:
2 - Жүргізуші: Ана - бұлақ, ана - пана
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана ол біздің елде ардақты адам.
Құттықтау сөз: ___________________ беріледі.
Ән: ____________________ орын:
1 - Жүргізуші:
Халық әні - терме үйірмесі атынан шағын сый - сияпатымызды тарту етеміз. Қабыл алыңыздар!
2 - Жүргізуші: Қымбатты аналар, сіздер барлық уақытта жақсылықты, мейірбандықты, татулықты, береке - бірлікті қалайсыздар. Көңілдеріңіздің шаттығы балаларыңыздың бақытының кепілі. Сондықтанда бүгінгі біз атап өткен мереке - жер бетінде барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі. Бар елдің бабаларының бақыты бүкіл әлемдегі тыныштық пен бейбітшілікті барлық аналар жақтап, талап етеді.
1 - жүргізуші: Қадірлі адам өмірінің мейірбан қамқоршылары, қайрымды да қасиетті жалаугерлері қымбатты – Аналар! Сіздердің ақыл парасаттарыңыздың алдында патша да, батырда небір данада бас иген. Отбасы мен шаңырақтың татулығын сақтауда әйел - анаға бәсекелесе алар жан жоқ екені белгілі. Олай болса, табиғаттың тамылжыған әуеніндей әсерлі де көркем өмірлеріңіз адамзат баласын таңқалдырып, ғажап сырына ынтықтыра берсін. Баптап, тәрбиелеп өсіріп отырған ұрпақтарыңыз сіздерді әрқашан қуанта берсін - дей отырып
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа,
Салтанатты кешіміз аяқталды,
Гүл бітсін бәріміздің қадамыңа.
Сау саламатты болыңыздар!