Балалардың алдарына ойыншықтарды қою

Скачать

"Ойыншықтар"

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы ұғымдарын кеңейту.. Дыбыстарды дұрыс анық айтуға. Балалардың ойыншықтарға деген қызығушылықтарын арттырып, сүйікті ойыншығын күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Ойыншықтар, доп, қуыршақ.
Методикалық әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, сипаттау, сұрақ, жауап, мадақтау, қорытындылау.

Сабақ барысы: Шаттық шеңбері (қимылмен көрсету)
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз,
Сәлем, сәлем, сәлем!
Балалар орындарына отырады.
Т: Балалар, бүгін бізге көптеген апайлар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.
Сәлеметсіздер ме?
Музыка: Сиқыршы кіреді (Айгерім)
Т: Балалар, бұл кім екен бізге қонаққа келген?
Б: Сиқыршы
Т: Дұрыс, бұл сиқыршы. Сиқыршымен амандасайық.
С: Сәлеметсіздер ме балалар. Мен сендерге сиқырлы сандық әкелдім. Бірақ бұл сандық ашылмайды. Сендер оған тақпақ айтып берсеңдер, сонда сандық ашылады.
Т: Балалар, кәне кім ойыншықтар туралы тақпақ айтып береді (тақпақ айту).
С: Сиқыршы сандығын сиқырлайды, сандық ашылады.
Т: Кәне, балалар көрейік сиқыршы бізге сандықпен не әкелді екен?
Балалар, сиқыршы бізге әдемі ойыншықтар әкеліпті. Қараңдаршы, мына ойыншық қалай аталатынын білесіңдер ме?(допты көрсету).
- Дұрыс, бұл доп
- Доптың пішіні қандай? (дөңгелек)
- Түсі қандай? (сары)
- Доптың қимылы қандай? (секіреді)
- Балалар, доппен кімдер ойнайды? (балалар ойнайды)
- Дұрыс айтасыңдар. Доп туралы тақпақ кім айтып береді (тақпақ айту).
Тәрбиеші сандықты қарайды.
Т: Балалар, мұнда қуыршақ та бар екен. Мына қуыршақ бізбен амандасқысы келеді.(балалар амандасады).
- Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен, екі көзі, қолы және аяғы да бар. Кәне кім айтады?
- Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? (жасыл)
Қуыршаққа кім тақпақ айтып береді? (тақпақ айту).
Т: Тәрбиеші сандықтан аюды алып.
- Балалар, мына ойыншық не деп аталады? (аю)
- Аю қатты ма, жұмсақ па? (жұмсақ)
- Аюдың түсі қандай? (ақ)
- Аю туралы тақпақ кім айтады? (тақпақ айту)
Балалар, сендерге өздеріңнің сүйікті ойыншықтарың бар. Сол ойыншықтарыңды сындырмай, таза ұстау керек.
Ал, балалар біз енді сергіту сәтін өткізейік.
Сергіту сәті:
Қоян (қимылды көрсету)
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып секірді.
Балалар, сендер ойыншықтар туралы көп тақпақ біледі екенсіңдер. Балалар біз сендермен көлеңкесін тап ойынын ойнайық.
Ойынның шартын түсіндіру. Ойын ойнату. Енді, мына көптеген ойыншықтар сендермен жасырынбақ ойынын ойнағысы келеді.
Балалардың алдарына ойыншықтарды қою.
Ойынның шартын түсіндіру.

Ойын ойнату.
- Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді? (сиқыршы)
- Сиқыршы бізге не әкелді? (ойыншықтар)
- Сиқыршы бізге қандай ойыншықтар әкелді? (доп, қуыршақ, аю)
- Дұрыс айтасыңдар
- Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Егер ұнаса мына көңілді бейненің жанына келіңдер.

С: Балалар, маған сендердің бүгінгі сабақтарың ұнады, мен көңілдімін. Сендер жақсы қатысқан үшін мен сендерге тағы бір сиқырымды көрсетемін.(сиқырлап шарларды жару)
Т: Балалар, сендерге көп рахмет!


Скачать


zharar.kz