Шартты рай

Скачать

Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
51. Бұйрық рай
52. Бұйрық райдың жіктелу үлгісі
53. Шартты рай
54. Қалау рай
55. Есімшенің түрленуі

Қазақ тілі 7 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұйрық рай
Сабақтың мақсаты:
а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, бұйрық райдың жасалу жолдарын түсіндіру;
ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал - мәтелдер, нақыл сөздер үйрету;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, таблицалар, деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Рай категориясы дегеніміз не?
2. Райдың неше түрі бар?
3. Ашық рай қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бұйрық рай іс - әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды!
Бір жаққа қаратылып, қимылдың іс - әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі бұйрық рай деп аталады.
Жаттығумен жұмыс: 171 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бұйрық райлы сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын, олардың мағыналық ерекшеліктерін көрсетіңдер. Әңгімеге ат қойыңдар.
Топпен жұмыс: Екі топ бұйрық райда тұрған мақал - мәтел айтып жарысады.
Мысалы: Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атаңа ауыр жүк артпа!
Аға алдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Бұйрық рай дегеніміз не?
2. Рай категориясы дегеніміз не?
3. Райдың неше түрі бар?
4. Ашық рай қалай жасалады?
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Етістіктері бұйрық райда тұрған бата жаттап келіңдер.



Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz