Мағжан Жұмабаев
Мектептен (қайтты) Марияш,
Әліппесі қолында.
Шақырады оны атасы:
Кел, құлыным, кел мұнда .
Марияш:
Ата, ата! - дегенде,
Атасы:
Кұлыным ата дейді ғой!
Марияш:
Бата, бата! - дегенде,
Атасы:
Құлыным бата дейді ғой!
Бата десең, қарт атаң
Айналсын сендей ботасын!
Оқы, құлыным, әлім бол,
Атаң берді батасын! .