Ана тілін білмесең, Қадірліксің кімге сен

Скачать

Абдрахман Асылбектің өлеңі
Ана тілім
Ана тілін білмесең,
Қадірлісің кімге сен?
Өзге тілге шырмалып,
Адасасың бірге сен.

Ана тілін білмесең,
Қадірліксің кімге сен?
Өз ұлтыңды ұмытып,
Жоғаласың мүлде сен.

Ана тілім – тіл десең,
Ана тілім – пір десең,
Тарихыңмен танысып,
Есейесің күнде сен.

Ана тілім – тіл десең,
Ана тілім – пір десең,
Асқақтатып ел даңқын,
Қол созасың күнге сен!


Скачать


zharar.kz