Сәлем - әдептіліктің белгісі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сәлем – сөздің анасы
Сабақтың мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, балалар бойында әдеп әліппесін дамыту.

І – топ ИНАБАТТЫ
ІІ – топ ІЗЕТТІ
ІІІ – топ КІШІПЕЙІЛ

Тәрбиеші: Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?
І – топ. Алуа: Сәлем - әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру сияқты түрлері бар. әр бір адам Қайырлы таң, Қайырлы күн, Қайырлы кеш деген сөздерді пайдаланып тәуліктің үш мезгілінде амандасуы тиіс.
ІІ – топ. Самира: Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып басын изейді не болмаса қолын беріп амандасады.
ІІІ - топ. Диана: Сәлемдесу түрлері: Сәлеметсіз бе, аман - саусыз ба, есенсіз бе, бала-шағаңыз аман ба, ассалаумағалейкум.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті деген мақал бар, ал оған керісінше Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер деген аталы сөз бар. Ал біздің балаларымыз қалай ойлайды екен?
Алия: Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен - кішіге байланысты емес.
Арайлым: Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені сыйлап алдынан кесіп өтпеген.
Аружан: Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қанша мейірім, қамқорлық жатыр.
Тәрбиеші: Ал енді ата мен жігіттің, әже мен қыз баланың сәлемдесу түрлерін көріп салыстырайық.
Жігіт: Ассалаумағалейкум ата.
Ата: Уағалейкумссалам балам.
Жігіт: Денің сау, аман - есенсіз бе?
Ата: Құдағай шүкір балам жүріп жатырмын.
Жігіт: Бала – шағаңыз аман ба?
Ата: тегіс аман - есен.
Тәрбиеші: Енді екінші көріністі тамашалайық.
Қыз: Армысыз әже.
Әже: Бар бол балам.
Қыз: Үй - іші, бала - шағаңыз аман ба?
Әже: Құдайға шүкір аман есен.
Тәрбиеші: Осы екі көріністі салыстырып, ұқсас айырмашылықтарын табыңдар.
(Топ мүшелері жауап береді)


Скачать


zharar.kz