Басқа төсеп ұйықтауға арналған зат

Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі
Оқу іс - әрекетінің мақсаты:
1. Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.
2. Сөз, сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын дамыту.
3. Қазақ халқының асыл қазынасын бағалауға тәрбиелеу.
Оқу іс - әрекетінің көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты слайдтар, әріптер, текшелер
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету.

Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру – ізденушілік
Алақанды ашайық
Көкке қолды созайық.
Күннің нұрын алайық
Жүрегімізге салайық
Жиналған жылы шуақты
Бәрімізге шашайық!

Жұмбақ жасыру
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.
Жауабы: қар
- Қар сөзі қандай дыбыстан басталады?
- Қ дыбысы қандай дыбыс?

- Бүгін біз қ дыбысымен танысамыз.
Баспа түрінің бас және үлкен әріптерімен таныстыру.
Суретпен жұмыс.
- Суреттен не көріп тұрсыңдар? (сырмақ)
- Оны неден жасайды?
- Сырмақты қандай оюлармен әшекейлеген?
Сырмақ және онда салынған ою түрлері туралы толықтырып әңгімелеу.

Дәптермен жұмыс.
Ұшақ, қобыз, тышқан сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы қ дыбысының орнын ажыратқызу.
Балаларға қ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлап айтуды ұсыну.
Сергіту сәті.
Көңілді күн әуеніне қимыл - қозғалыстар жасау.
Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып, хормен, жекелеп оқыту.
Үлгі бойынша қ дыбысының бас және кіші әрпін бастырып жазады.

Сөзжұмбақ шешу.
1. Заттар салу үшін ағаштан жасалған төртбұрыш жиһаз.
2. Басқа төсеп ұйықтауға арналған зат.
3. Ас ішетін құрал.
Дидактикалық ойын.
Сөз ойла, тез ойла
Мақсаты: Балаларды ой шапшаңдығына үйретеді.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы,
Герасимовка ауылы, Герасимовка орта мектебінің
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Муздапарова Райгуль Адиковна
Қ дыбысы және әрпі жүктеу


Скачать


zharar.kz