Мәтіндегі сөйлемдерді аудармасымен сәйкестендір

Скачать

Г. С. Титов атындағы №20 мектеп - гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сахова Ажар Байдосқызы

Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту; әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
Күтілетін нәтиже: Құрмалас сөйлемді меңгеріп, музыкалық аспаптармен танысады.
Бұрын меңгерілген білім: Киіз үйдің ішкі құрылысы
Сабақтың ресурстары: Кесте, тірек - сызба, кеспе қағаздар, интерактивті тақта, стикерлер, постерлер

Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
Психологиялық дайындық жасау, Шаттық шеңбері тренинг, тілек айту
Үй тапсырмасын сұрау. 6 - тапсырма. Берілген қатардағы артық сөздерді тап
Сыныптағы оқушыларды киіз үй мен домбыраның суреттері негізінде 2 топқа бөлінеді.
Жаңа сабақты меңгерту. Ой шақыру .
Айгүл Үлкенбаеваның орындауында Нұрғиса Тілендиевтің Аққу күйін тыңдау, видео тамашалау.
Сұрақтар:
• Күйді кімдер тартады?
• Күйді қандай аспапта орындайды?
• Қандай күйшілерді білесіңдер?
• Қандай ұлттық музыкалық аспаптарды білесіңдер?
Бүгінгі сабағымызда Қазақтың музыкалық аспаптары жайлы мағлұмат аламыз.
Сіздерге шағын мәтін беріледі. Сол мәтінді түсініп оқып, аударма жұмысын жасап, мазмұндап, мәтінге тақырып қоясыздар. Сөздікпен жұмыс.

1 - тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерді аудармасымен сәйкестендір.
Домбыра.
Ұлттың ұлы мұрасының бірі ғалымдар қазақ жерінде сақталған жеті қазынасының біріне есептепті. Дұрыс шешім деп бас иіп қосыламыз.
Қазақтың музыкалық аспаптар ( домбыра, адырна, жетіген, шертер), ыспалы аспаптар ( қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген), үрмелі аспаптар (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз), ұрмалы - сілкімелі аспаптар ( дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ, т. б.) деп топтауға болады

Ученые считали что семь сокровищ является великим наследием, которое сохранилось на казахской земле. Мы считаем что это правильное решение. Казахские музыкальные инструменты ( домбра, адырна, жетіген, шертер) можно разделить на группы, смычковые инструменты ( қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген), духовые инструменты
(сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз), ударные
(дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ) и др.

Домбыра – қазақ халқының ұлттық болмысын, жан дүниесінің тылсым сырларын сыртқы дүниеге паш еткен таңғажайып аспап.
Домбыраның пайда болуын археолог ғалымдар тасқа салынған суреттердің ішінде домбыраның бедері кездескеніне қарап, неолит дәуіріне ( б. з. д 4000 мыңжылдық) жатқызады.
Домбыра тым ерте пайда болып, уақыт озған сайын түрленіп, дамып отырған екі шекті, 9 - 16 пернелі болып келетін жұмсақ қоңыр үнімен ерекшеленетін, әр қазақтың үйінің төрінде тұрған аспап.

Домбра - это инструмент, который прославил национальное естество и внутренний мир казахского народа. Ученые археологи относят историю появления домбры по каменным рисункам, которые были в эпохе неолита ( 4000 тысячелетие до н. э.) С ранним появлением домбра со временем усовершенствовалась, и сейчас двухструнная, 9 - 16 перне которая висит на почетном месте в каждом казахском доме, отличается своим мягким звуком

Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз.
ІІІ деңгей.
1. Домбыраның құрылысына қатысты сөздермен танысып, 2 сөзді септе.
2. Септелген сөздерді қатыстырып сөйлем құра
ІІ деңгей.
Тірек сызбаға сүйеніп диалог құрау



Скачать


zharar.kz