Компьютер терезесін ашыңдар

Скачать

Тақырыбы: Терезелер
Информатика 5 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Windows ОЖ - нің негізгі нысаны – тереземен, құрылымдық элементтерімен оқушыларды таныстыру, қызметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқу нәтижелері: Windows ОЖ - нің құрылымын, басқару элементтерін, құрылымдық элементтердің қызметін, қапшықтардың басқару элементтерін біледі.
Алдыңғы оқу: Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Тілдік мақсат: Оқушылар: ОЖ құрылымын, басқару элеметтердің қызметін ажырата алады
Негізгі сөздер мен тіркестер: ағылшынша айтылатын сөздіктері,
Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар

Басталуы
1. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру
§9 Өзіңді тексер
1 2 3 4 5 6 7
А В А В В С А
Терезе – экранның қоршаулармен шектелген тікбұрышты аймағы.
Тақырып жолының оң жағында терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болатын терезені басқару батырмалары орналасқан.
Терезенің түрлері: бумалар терезесі, қосымшалар терезесі, сұхбаттық терезелер, анықтама терезелері.
Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.

Ортасы
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі.
1. Компьютер нысанының терезесін ашыңдар.
2. Терезенің мөлшерін айналдыру жолақтары көрінетіндей етіп өзгертіңдер. Айналдыру жолақтарымен жұмыс істеп машықтаныңдар. Терезенің оңтайлы (өз қалауларыңмен) мөлшерін табыңдар.
3. Терезенің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар.
4. Әртүрлі белгішелерді таңдаңдар.
5. Терезедегі белгілердің орнын жылжыту арқылы өзгерт.
6. Анықтама терезесін шақыр.
7. Есептер тақтасын пайдаланып, ашық терезелердің бірінен екіншісіне ауысыңдар.
8. Пернетақтаны пайдаланып, терезелерді жабыңдар.
В деңгейі.
1. Компьютер терезесін ашыңдар.
2. Paint графикалық редакторы программасын іске қос.
3. Дөңгелектің суретін салыңдар.
4. Екі терезенің екеуі де толық көрінетіндей етіп орналастырыңдар.
5. Екі терезені де жиырыңдар.
6. Терезелердің біріншісінен екіншісіне пернетақтаның көмегімен ауысыңдар.
7. Компьютер терезесінде белгішелердің түрлерін әртүрлі тәсілмен өзгертіңдер.
8. Графикалық редакторды жабыңдар.
9. Жұмыстарыңды сақтаңдар.
С деңгейі.
1. Компьютер терезесін ашыңдар. Терезені кейін оның негізгі элементтерінің атын жаза алатындай етіп орналастыр.
2. Print Screen пернесімен компьютер экранының фотографиясын жасаңдар.
3. Графикалық редакторды ашыңдар.
4. Кірістіру бұйрығын таңдаңдар. Графикалық редакторда экранның бейнесін алыңдар.
5. Алынған суреттегі негізгі нысандардың аттарын жазып шығыңдар.
6. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіп, оны Құжаттар бумасында өз тектеріңді көрсетіп сақтаңдар.

Алматы облысы, Алакөл ауданы,
Қабанбай ауылы №3 Қабанбай орта мектебінің
Информатика пән мұғалімі Абдолдинова Айман Төлегеновна

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz