Табиғатта адамның рөлі өте кішкентай

Скачать

ЭССЕ
Табиғат - ғажап әлем.
Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.
Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда Жер - Ана деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. Жер шоқтығы - Көкшетау , Жер жаннаты - Жетісу деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман - тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя - бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым! Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.
Туған жерді Анам демей не дейін,
Туған жерді панам демей не дейін.
Туған жермен асқақ менің ән - жырым,
Туған жермен асқақ менің мерейім.
(Жұбан Молдағалиев)
Табиғат – Ана , Жер – Ана , Отан – Ана деген киелі сөздердегі Ана деген сөздің қосылып айтылуында зор мән бар, яғни бұл сөздер адамды дүниеге әкелуші, әрі оған өмір сыйлап, өз перзенттеріндей аялы алақанымен аялап, жүректегі ең ыстық ықыласы арқылы бүкіл мейірім шапағатын арнайтын аяулы да ардақты Ана деген ұғымды нақтылай түседі. Табиғат, Жер – Ана, туған жер, атамекен, ауылым деген жанға жайлы, сезіміңді сергітетін сөздер бір - бірімен үнемі үндесіп, құлаққа жағымды естілетін бір - бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.

Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр.

Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.

Табиғатты қорғау - табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен - кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Табиғатта адамның рөлі өте кішкентай. Үлкен табиғатта, адам кішкентай құм сияқты. Бірақ, табиғаттың тағдыры сол құмның қолында. Себебі адамның мүмкіндіктері өте үлкен.

Достарым, мен сіздерді табиғат қорғауға шақырамын. Біз болмаса - табиғатқа жаман болмай қалады, ал табиғат өлсе - адамдар да дүниеден кетеді!!!
Эссе. Табиғат - ғажап әлем жүктеу


Скачать


zharar.kz