Айша мен Әсемнің ұшқыштың қызы еместігі және Әсем мен мұғалімнің қызы екеуі көрші тұратыны белгілі болса, қыздардың әкелері кім

Скачать

Тақырыбы: Жүзден жүйрік
Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ой - өрісін, зейінін дамыту
ә Білімге құштарлығын арттыру, білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау

Барысы
1. Ұйымдастыру
Сыныпты 4 - топқа бөлу
2. Топтардың атын анықтау, таныстыру

3. Әр топқа логикалық тапсырма беріледі.
Логикалық тапсырмалар:
1 Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

2 Айша, Әсем, Жамал үшеуінің әкелері - дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Айша мен Әсемнің ұшқыштың қызы еместігі және Әсем мен мұғалімнің қызы екеуі көрші тұратыны белгілі болса, қыздардың әкелері кім?

3 Майра, Камила және Сания үшеуі көк, сары, ақ түсті көйлектер киген.
Майраның көйлегі ақ емес, Камиланың көйлегі ақ та, сары да емес. Қыздардың көйлектерінің түсі қандай?

4 Ойын жүргізу үшін қызыл, көк, қара түсті үш тақия дайындалған. Ержан көк пен қараны кимейтіндігін, ал Ермек өзіне көк тақия жарасатынын, Самат таңдамай - ақ кие беретінін айтты. Балалардың әрқайсысы қандай түсті тақия киді?

4 Қазақ тілден тапсырма.
Әр топқа бір сөзден беріледі.
Сөзге дыбыстық талдау жасап, сөйлем құра.
1) Кітап
2) Дәптер
3) Қалам
4) Мектеп

5 Тәуелсіз елім – тірегім эссе жазу. Топтар осы тақырыпқа жазғандарын эсселерін оқиды

6 Жаңылтпашты дұрыс, жатқа айту.
Әр топқа бір жаңылтпаштан беріледі.
1 Ықылық тиді, ықылық, түйілдім қатты тұтығып,
Ықылық қалды тұтылып, сытылып шықтым құтылып.

2 Қайрақтыда Қайратты қайраттан деп қайрапты.
Қайрат біздің қайратты, құрыш қазан қайнатты.

3 Асан бақша жақтан ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан басқарақ асқабақ әкелді.

4 Көк бұйра бір бұлақ тіл қатар былдырлап.
Тастарды ұрғылап, ағады құлдырап.

5 Қайырымдылық сөзінен сөздер құрастырып жазу

6 Ребустар шешу. Төрт топқа төрт ребус беріледі.

Сайысты аяқтау, жеңген топты анықтау.
Қорытынды


Скачать


zharar.kz