Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазалы аулы №100 мектеп
Шығарған: Ж.Гулжамал 9-сынып
Ана тілім
Ана тілім қымбат маған, дана тілім,
Қымбат маған кеудемдегі дара тілім.
Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп,
Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар,
Ана тілде тарихың бар адамдар!
Қасиетті менің туған тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Ана тілім асқақтаған өр тұлғаң,
Алдында оның даналар да тік тұрған.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырлары,
Ана тілді ардақтауды ұқтырған.
Дақ түсірмей ана тілдің арына,
Қадірін біл! Сақта осыны жадыңда.
Туған тілдің тұнығына қанбассың,
Шұбар тілдің талассаң сен тағына.