Бастауыш сынып мұғалімі: Суйеукенова Ш. Ш.
Тәрбие сағаты: Ертегілер елінде
Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, Аққала, Тауық, Базилио, Мысық, Түлкі Алиса, Мыстан кемпір, Өлмес Кащей, Қыс ханшайымы, Аңдар, Шрек пен Фиона, Барыс, Қоян, мушкетер, принцессалар.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Ортада әдемі ойыншықтармен әрленген шырша тұр, плакатқа, ақ матаға салынған тақырыпқа сай суреттер. Көңілді әуен ойналып тұрады. Оқушылар көңілді ән ырғағымен залға кіріп, биге қосылады.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме балалар.
Армысыздар, Ата – аналар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылға шақырады жаңа өмір,
Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын Жаңак жыл!
Ән Жаңа жыл
Әсем әуен ырғағымен ортаға аққала келеді.
(Аққаланың түрі ренішті, ренжіген)
Жүргізуші: - Аққала, аққала, саған не болды?
Бүгін мереке ғой! Жаңа жыл! Ал сен көңілсізсің, неге?
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен Аққаламын Сендер мені жақсы жасадыңдар. Көзді орына көмір, мұрынның орнына сәбіз, қолына сыпыртқы бердіңдер. Ал менде сәбіз бар ма?
Жоқ.
Менің сәбізімді түлкі алып кетті.
Жүргізуші: Солай ма, Бірақ біз түлкіні көрген емеспіз. Түлкі бізге келген жоқ.
- Аққала бізбен қал, жаңа жылды бірге қарсы аламыз. Біздің шыршамыз қандай әдемі, қарашы! Балалар шырша туралы ән білесіңдер ме?
Ән орындалады Шырша жыры Хоровод.
Жүргізуші: Аққала көңілсіз тұрмай, бізбен бірге ойын ойна.
Аққала: Ендеше, балалар ойын ойнайық. Балалар сендер қармен ойнауды жақсы көресіңдер ме?
- Ия, мен де жақсы көремін. Ендеше қармен ойнайық. Бір – бірімізге қарды атқылайық.
Аққала: Қалай көңілді! Тамаша! Тура шөлдеп кеттім.
Жүргізуші: Су ішесің бе?
Аққала: Ия, ішейін. Ал сендер балалар ішесіңдер ме?
Ата – аналар ше? Ішу керек!.
Аққала: Көп, көп, рахмет балалар, менің көңілім көтеріңкі болды. Аққала, қайдасыңдар би билейміз
Аққала биі
Жүргізуші: Аққала, қара мұнда! Шыршамыздың түбінде қораптар жатыр ғой. Бұл бәлкім аяз атаның сыйлығы шығар?
Аққала: Ішінде не бар екен ә? Қане, ашып көрейікші.
Шыршаның түбінен қораптардың бірін ашып көргенде ішінен ойыншық Аяз – ата шығады.
Жүргізуші: Балалар, қандай әдемі ойыншық! Қараңдаршы, сендерге ұнай ма? (аршандап). Шіркін, мына қуыршақ Аяз – атаға жан бітіп бізбен бірге жаңа – жылда шаттанып, ән салып, би билесе, ғой...... Сиқыршы келіп көмектесер ме еді?
Аққала: Онда сиқыршыны барып іздейік.
Аққала мен жүргізуші екеуі сиқыршыны іздеуге шығады. Сол уақытта Тауық келеді.
Тауық: Қо - қо - қоқ. Қо - қо - қоқ!
Балапандарым әлі шыққан жоқ!
2011жыл бірақ шығайын деп жатқан жоқ па өзі? Қо - Қо – қоқ. Жаңа жыл болса келіп қалды, неге тып – тыныш? Орман тұрғындары қандай дайындық жасап жатыр?
Қарап келейін.
Сол кезде жүргізуші мен Аққала кіреді.
Жүргізуші: Қап, сиқыршыны таба алмадық.
Аққала: Олай болса, балалар, ән айтайық.
Ән орындалады.
Жүргізуші: Ой, мынау не? Жұмыртқа ма.
Аққала: Қандай қызық! Бұл тауық апайдың жұмыртқасы шығар, әлде айдаһардың немесе өлмес Кащейдің жұмыртқасы ма?
Жүргізуші: Аққала, біреулер келе жатыр.
(Алиса мен Базилио мысық келеді. мысықтың биі көрсетіледі)
Базилио мысық: Жаңа жыл келіп қалды, ал мен әлі тамақтанған жоқпын. Қарнымның ашып тұрғаны ай? (ішін сипайды)
Алиса: Тс - с, тыныш, Мен бөтен иіс сезіп тұрмын (жан – жағын иіскейді)
Базилио, қоянның етін жегін келмей ме?
Базилио: Жегім келеді.
Алиса: Онда ізде. Ал менің аяғым ауырып кетті, демалып алмасам болмайды. (таяғына сүйеніп шашын жөндейді)
Мысық көзілдірігін маңдайына көтеріп жан – жағына тіміскілеп іздейді. Балалардан сұрайды.
Базилио: Ей балақай, көжекті көрдің бе?
Ал, сен ше?
Балалар: Жоқ, көрген жоқпын!
Мысық артқа қарай жүремін деп жұмыртқаға тап болады.
Базилио: Міне, сәттілік (алақанын ысқылап, алжапқышын киіп, шанышқы мен пышақ алып шығады)
- Сары бас, мен Қоянның етінен бас тартамын. Өзі жей бер. Ал мен амлет жеймін.
Алиса: Сен не, менімен бөліскің келмей ме?
Базилио: Бөлісе алмаймын, жұмыртқа біреу ақ, ал біз екеуміз.
Алиса: Ал мен екеумізге тең бөліп беремін.
Базилио: Бермеймін, сен мені алдап өзіңе көп алып қоясың!.
Алиса: Мен бе алдайтын? Сен өзің балаларды алдап жүрсің. Бірақ көзің тамаша көреді. (көзелдірігін жұлып алады)
Базилио: Сары бас көзілдірігімді қайтар, әйтпесе.....
Алиса: Әйтпесе не істейсің? Бермеймін.
Базилио: Олай болса, аяғыңды сындырамын. Өтірік ақсамай, шын ақсайтын боласың!
Алиса: Жаман мысық мен болмасам қоқыстың ішінен тышқан аулап жүруші едең. Мә саған! (Мысықты таяғымен ұрады. Екеуі төбелеседі)
Жүргізуші: Болды қойыңдар! Бүгін үлкен мереке, Жаңа жыл келеді. Балаларға қандай тәртіп көрсетесіңдер? Олай болмайды!
Айтпақшы түлкі, аққаланың сәбізі қайда?
Аққала: Әй түлкі, менің сәбізімді әкел! Әйтпесе!
Түлкі: Ал, ал сәбізіңді.
Жүргізуші: Өйтіп сөйлеуге болмайды. Кешірім сұрау керек.
Алиса: Кешір, кешір аққала
Жүргізуші: Базилио, Алиса оқушылармен бірге қалыңдар, Аяз ата мен Ақшақар келеді. Жаңа жылды бірге қарсы аламыз. Қаласыңдар ма?
Базилио: Ия, ия қалаймыз. Сыйлық аламыз.
Жүргізуші: Бірақ тәртіптерің жақсы болсын.
(базилио мен Алиса балалармен бірге тұрады)
Залдағы жарық өшеді, қорқынышты әуен естіледі.