Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. Кедей
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің мазмұнын ашады.
Дамытушылық: Өлеңдегі оқиғаны өз түсінігімен жеткізе білуге дағдыланып, тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайтады.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелейді.
Әдісі: топпен жұмыс.
Қолданылатын модульдер: СТО Венн диаграммасы , Топтастыру , Ой қозғау , Эссе жазу , оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ, диалогтік әдіс.
Психологиялық ахуал
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу
1, 2, 3 сандарын атай отырып, топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау. Б. Майлин. Күлпаш әңгімесі
1 - топ – Б. Майлин. Өмірі мен шығармашылығы туралы айт.
2 - топ – Күлпаш әңгімесінің мазмұнын айт.
3 - топ – Халықтың басына түскен ашаршылық туралы айт.
Өткен сабақты қорытындылау.
Тест сұрақтары:
1. Күлпаш мәтініндегі айтылған кезең?
А) қазіргі кезең Ә) ашаршылық Б) жоңғар шапқыншылығы
2. Ашаршылық қашан болған?
А) 1940 ж Ә) 1936 - 1937 жылы Б) 1930 - 1932 жылдары
3. Жырлағаным – кедейдің жыры
Сырлағаным – кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір,
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Бұл кімнің сөзі?
А) Б. Майлин Ә) Қабанбай батыр Б) Б. Соқпақбаев
Ой қозғау
Соңғы тапсырмадағы қайта айтылып тұрған қандай сөз? - Кедей
- Бүгін біз Кедей өлеңімен танысамыз.
Мағынаны тану
Автор туралы мәлімет.
Топтастыру:
Жазушы Ақын Ағартушы Шыншыл Ел қамқоршысы
С. Торайғыровтың шығармалары:
Өлеңдері: Шығамын тірі болсам адам болып , Шәкірт ойы , Бір аламға , Жарлау , Бұлар кім?
Поэмалары: Адасқан өмір , Кедей , Айтыс , Қайғы
Прозасы: Қамар сұлу , Кім жазықты? , Ауырмай есімнен жаңылғаным
Бүгін біз ақынның Кедей поэмасынан үзінді оқимыз.
Сергіту сәті
Көңілді күн бейне үзігі көмегімен оқушылар сергіп алады.
Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалімнің Кедей өлеңін үлгі оқуы.
2. Оқушылардың тізбектей оқуы.
3. Топтық жұмыс
І топ – 1 - шумақты оқиды. Тірек сөздер жазады. Осы сөздер арқылы өлеңнің мазмұнын ашады.
ІІ топ – 2 - шумақты оқиды. Тірек сөздер жазады. Осы сөздер арқылы өлеңнің мазмұнын ашады.
ІІІ топ – 2 мәтінде қандай жыл мезгілдері берілген? Тақырыпта сәйкестік бар ма?
І шумақтың тірек сөздері: күзгі түн, ызғар, қырау, бұлт, қараңғы, ел ұйқыда т. б
ІІ шумақ: ұзақ түн, иттен басқа, жаурау, талай жасқа т. б
ІІІ топ: 1 - әңгімеде қыс қатаң, кедей өмірі
2 - әңгімеде күз ызғарлы, сәйкестік – кедей
Ой толғау
І топ – Қазір кедей адам жоқ.
ІІ топ – Қазіргі кезде кедей адамдар бар.
ІІІ топ – Аштық, кедейлік туралы менің ойым
Эссе жазу
Аштық, кедейлік болмас үшін не істеуге болады?
Ой тұжырым
Венн диаграммасы арқылы екі мәтіннің ортақ қасиетін табу.
Б. Майлин Күлпаш Ұқсастығы С. Торайғыров Кедей
Рефлексия
Мен бүгін мен не үйрендім?
Кедейлікке жол бермей, сабақты дұрыс оқып, адал еңбектенуге жұмыстану.
Үйге тапсырма
Кедей өлеңін жаттау
Бағалау
Формативті және суммативті бағалау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
П. Теряев атындағы №17 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бекказы Гүлмира Есенханқызы
С. Торайғыров. Кедей . жүктеу