Географиялық карталардан өзендердің белгіленуін қарастыру

Скачать

Күнделікті сабақ жоспары, жаратылыстану 5 сынып
Тақырыптар:
6 - сабақ. Өзендер.
7 - сабақ. Ауаның ластануы, атмосфераны қорғау.
8 - сабақ. Бақылау жұмысы
9 - сабақ. Жарық бөліп шығару құбылысы.
10 - сабақ. Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар.

Тақырыбы: Өзендер.
Мақсаты:
Білімділік: Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу.
Дамытушылық: Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы: 1. Үй жұмысын тексеру.
2. Жаңа материалды меңгерту.
3. Бекіу.
4. Үй тапсырмасын беру.
Үй тапсырмасын сұақ - жауап арқылы тексеру:
1. Теңіз дегеніміз не? Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз?
2. Көл дегенді қалай түсінесің?
3. Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай маңызы бар?
4. Мұхитта мен теңіз суларының ластануы неге байланысты?
5. Еуразияның жағалауын қандай теңіздердің сулары шайып жатыр?

Жаңа сабақ.
1. Географиялық карталардан өзендердің белгіленуін қарастыру.
2. Өзен дегеніміз не?
3. Бастау.
4. Өзен аңғары.
5. Өзен жайылмасы.
6. Өзеннің саласы.

Географиялық карталарға мән беріп қарасаңдар, материктердің үстінде жіп сияқты жан - жаққа созылып жақан көкшіл бояуларды көресіңдер. Бұлар жай сызылып қойылған бояулар емес, өзендер. Өзен дегеніміз - табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Өзеннің басталар жерін бастау деп атайды. Өзен басталар жерінен құяр жеріне дейінге аралықты өзен алабы дейді. Өзен аңғары - өзен албындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жер. Көбінесе үлкен өзендерге екі қапталынан кішігірім өзендер келіп құяды. Оларды өзеннің саласы деп атайды. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен – Ніл. Оның ұзындығы 6671 км. Ал ең суы мол өзен – Амазонка. Қазақстандағы ең ұзын өзен - Ертіс.

Бекіту.
Алдымен тақырыпты оқып шығып, атласпен жұмыс жасау. Картадан Ніл, Амазонка, Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу өзендерін тауып алып кескін картаға белгілеу.
Сұрақтарға жауап беру:
1. Өзен дегеніміз не?
2. Судың ағыны қалай пайда болады?
3. Өзеннің құрамдас бөліктерін ата?
4. Өзің тұратын ауыл, қала арқылы ағатын өзенге мысал келтір.
Үй тапсырмасы: § 23 оқу, 1 - 3 сұрақтарға жауап беру.



Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz