Жоғары және төменгі сөре
Сабақтың мақсаты: Оқушылар организмінің төзімділігін, шыдамдылығын қалыптастыру.
Дайындық бөлімі Класты сапқа тұрғызу. Кезекші міндеті. Сәлемдесу, түгендеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Қауіпсіздік ережесін айту.
Сапта бұрылу жаттығулары:
а) оңға
ә) солға
б) айналу
Бір лектен екі лекке тұру; Екі лектен бір лекке тұру;
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
а) Қол жоғары аяқтың ұшымен жүру;
ә) Қол желкеде өкшемен жүру; б) Қол белде, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру;
в) Қол желкеде жартылай отырып жүру;
г) Толық отырып жүру;
е) Спорттық жүріс;
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
а) Оң жақ қапталмен қолды алға айналдыра жүгіру;
ә) Сол жақ қапталмен қолды артқа айналдыра жүгіру;
б) Тізені жоғары көтеріп жүгіру;
в) Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;
г) Артпен жүгіру;
е) Тыныс алу жаттығулары
Жалпы дамыту жаттығулары:
А) Желке, иық және қол бұлшықеттеріне жаттығулар жасау.
Ә) Жота және бел бұлшықеттеріне жаттығулар жасау;
Б) Аяқ бұлшықеттеріне жаттығулар жасау; (Тыныс орнықтыратын және дамытатын жаттығуларға баса көңіл аударамын.)
Негізгі бөлім. Оқушыларға қысқа қашықтыққа жүгіру керектігін, төменгі сөреден қалай шығу керектігін ара - қашықтықты сақтап, түзу жүгіру, жан - жаққа қарамай, жылдам тез жүгіруді көрсетіп, айтып түсіндіру. (Аяқпен барынша серпілу керек. Қолды алға ұстау. Тізе, шынтақ буынының бүгілуін және жазылуын қадағалау.) Қысқа қашықтыққа (40; 50; 60; 80 200 метр) жүгірген кезде аяқты сермей ұшымен басу керек. Жүгіру кезінде денені түзу, еркін ұстаған дұрыс.
Жоғары сөре. Ұзақ қашықтыққа арналған жоғары сөрелік қалып, сөреден шыққандағы жүгіру адымының басталуы, мысалы: ұзақ қашықтыққа жүгіру керек болса, онда дайындық кезінде 100 - 200 м қашықтықты жоғары қарқынмен жүгіру керек (Қауіпсіздік ережесін сақтау) Ұзақ қашықтықта (1500, 2000, 3000) 10, 15 метр қашықтыққа дейін тізені жоғары көтеріп, тез - тез жүгіріп өту. Төменгі және жоғары сөреде командалық жарыс түрінде өткізу.
60 метр қашықтықты уақытқа жүгіру. (Сөреден шыққанда тізені, қолды қалай ұстау керектігін қадағалау.)
Қорытынды бөлім. Сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру, оқушылармен қоштасу. Сапта ара қашықтықты сақтап түзу тұру.
Жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларды бағалау.