Сабақтың тақырыбы: ЕСЕП ШЫҒАРУ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сұйықтың ыдыс түбіне, қабырғаларына түсіретін қысымын, масса, көлем, тығыздық, салмақ ұғымдарын қалыптастыру.
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеп, жинақтау және білімді игеру деңгейлерін бағалау.
Дамытушылық: Оқушының білім деңгейлеріне қарай есеп шығару арқылы оқушы ойын дамыту. Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, дәлдікке, зеректілікке, шапшаңдыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы. Есеп шығару.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, тірек сызба, бағалау кестесі, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Математика, сызу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыптарды пысықтау.
3. Формуланың сәйкестігін тап
4. Деңгейлік тапсырма
5. Тест
6. Топ басшылар жарысы..
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. Сұйық тобы, Газ тобы. Топ басшыларын анықтау.
1 - тапсырма. Кестені толтыру.
2 - тапсырма. Формуланың сәйкестігін тап.
V= pgh
F= s t
p= mg
v= m p
F= pgV
3 - тапсырма. Деңгейлік тапсырма.
№1. Сұйықтың тереңдігі 0, 15 м - ге тең, эфир сұйығының ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?
№2. Ыдыстың ауданы 0, 6 м болса, оған 30Н күш әрекет етсе, онда оған түсіретін қысымды анықта.
№3. Судың пластинкадағы тереңдігі 10 см, сонда судың осы пластинкаға астыңғы жағынан түсіретін қысымын анықта.
№4. Бір шаңғының тірек ауданы 0, 1 м болса, массасы 50 кг шаңғыны қар бетіне қандай қысым түсіретінін есептеңдер.
4 - тапсырма. Біліміңді тексер тест.
1. Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсет:
А. км, см, м;
Б. км сағ, м с, см мин;
В. т, ц, кг;
С. сағат, минут, секунд.
2. Күн жүйесіндегі тоғыз планетаны күннен қашықтауына қарай ретімен көрсет:
А. Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Нептун, Плутон, Меркурий, Шолпан, Уран.
Б. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Нептун, Плутон.
В. Уран, Нептун, Плутон, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Меркурий, Сатурн.
С. Меркурий, Сатурн, Шолпан, Марс, Юпитер, Уран, Нептун, Плутон, Жер.
3. Қайсысы зат болып табылады?
А. Жарық;
Б. Ауа;
В. Трактор;
С. Булану.
4. Физикалық шаманы көрсет:
А. Уақыт;
Б. Тікұшақ;
В. Темір;
С. Үстел.
5. Қайсысы физикалық дене:
А. Қағаз;
Б. Дәптер;
В. Жылдамдық; С. Қайнау.
6. Жүрілген жолдың өлшем бірлігі:
А. км\сағ, м\с, мм\с;
Б. тәулік, ғасыр, сағат;
В. градус; С. м, км, см.
5. Топ басшылары ортаға шақырылады.
Сөздер беріледі: Астана, Пермь, Қызылтас, Қызылорда, Алакөл, Шахтинск, Электроскоп - деген сөздер жазылған. Осы сөздердің соңғы әріптерінен француз оқымыстысының фамилиясын шығарыңдар.
Жауабы: (Паскаль)
Оқушылардың білімін бағалау. Топ басшылары Бағалау парағы арқылы тобындағы әр оқушының жауабына қарай бағалайды.
Үйге тапсырма.