Шеңбер мен дөңгелектің қасиеттеріМақсаты:ГВ

Скачать

Шеңбер мен дөңгелектің қасиеттері
Мақсаты:
ГВ 9. 2 Шеңбердегі кесінділер (түзулер) мен шеңбердегі бұрыштарды (хордалар, жанама, қиюшы, центрлік және іштей сызылған бұрыштар) біледі, таниды
ГВ 9. 3 Шеңбер хордасының қасиеттерін дәлелдейді және қолданады.
ГВ 9. 5 Шеңберге жүргізілген жанаманың қасиетін дәлелдейді және қолданады: жанама мен хорданың арасындағы бұрыш олардың арасындағы доғаның бұрыштық шамасының жартысына тең (жеке жағдайда, жанама жанасу нүктесіне жүргізілген радиусқа перпендикуляр болады)

Күтілетін нәтиже: Шеңбер мен дөңгелекке анықтама береді
Шеңбердің элементтерін, қасиеттерін біледі.

Сөйлемді жалғастыр:

Шеңбер – геометриялық фигура.... (Нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің жиыны геометриялық фигура)
Дөңгелек – жазықтықтың бөлігі.... (Шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі.)
Радиус – бұл кесінді.... (Центрді шеңбердің кез келген нүктесімен қосатын кесінді.)
Хорда – бұл кесінді.... (Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді)
Диаметр – бұл кесінді.... (Шеңбердің центрі арқылы өтетін кесінді, ең үлкен хорда)

Шеңбер мен түзудің орналасуы

Егер шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусынан кіші болса, онда түзу мен шеңбердің ортақ екі нүктесі бар болады..

АВ – қиюшы, егер d˂ r.

AB шеңбермен қиылыспайды, егер OH r
Егер шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусынан үлкен болса, онда түзу мен шеңбердің ортақ нүктелері жоқ.

AB – жанама, егер OH= r
Егер шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусына тең болса, онда түзу мен шеңбердің бір ғана ортақ нүктесі болады.
Шеңбер мен дөңгелектің қасиеттері слайд жүктеу


Скачать


zharar.kz