4 класс оқушылары арасында
Мақсаты: 1) оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
2) оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілетін арттыру;
3) өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ғажайып ұяшықтарға арналған плакат, тақырып бөлімдері жазылған парақшалар.
Барысы:
Ұйымдастыру:
1. Сайыстың мақсатын айту;
2. Сайысқа қатысушылармен таныстыру;
3. Сарапшы мамандармен таныстыру;
4. Жеңімпазды анықтау.
Сайыс шарттары:
1. Ғажайып ұяшықтар
2. Тіл – өнер
3. Менің сүйікті ақындарым
4. Нағыз білгір.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 4 сыныптар аралығында өткелі отырған Жыл оқушысы - 2013 сайысына қош келіпсіздер! Сайысымызға 6 оқушы қатысады, қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болайық.
Сарапшы мамандармен таныстыру.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. 3 кезеңнен кейін ұпайы жоғары екі ойыншы қалады. Бас жүлдеге сынға түседі. Сонымен дайын болсақ, ойыншыларымызға сәттілік тілеймін. Алғашқы кезең Ғажайып ұяшықтар деп аталады. Мұнда қазақ тілі, дүниетану, математика пәндерінен сұрақтар қойылады.
Қазақ тілі:
10 ұпай. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлем - жай сөйлем, екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем – құрмалас сөйлем.
15 ұпай. Сөз тіркесі дегеніміз не?
Екі немесе бірнеше сөздің бір - бірімен байланысуы. Алдыңғы сөз – бағыныңқы, соңғы сөз басыңқы болады.
20 ұпай. Септік жалғауы дегеніміз не? Қазақ тілінде неше септік бар?
Сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстырып тұратын қосымша септік жалғауы деп аталады. 7 септік бар.