Сабырлылық пен ұстамдылық

Скачать

Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Сабырлылық пен ұстамдылық
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: төзімділік, ізгілік, өз сезімдерін басқара білу

Сабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеті:
1. Оқушыларға төзімділік, ұстамдылық және мінез - құлық мәдениеті туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ізгілік қарым - қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылардың өз сезімдері мен көңіл күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Тақырыбы: Орманға саяхат Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен, өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз. Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, Өзін - өзі тану кабинетінен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз. Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды. Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз. Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз.
Сабырлылық пен ұстамдылық. жүктеу


Скачать


zharar.kz