Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
56. І. Есенберлиннің поэзиясы
57. М. Мақатаев (1931 - 1976)
58. Ілияс Жансүгіров
59. Мұхтар Әуезов (1897 - 1961)
60. Мұхтар Әуезовтің әңгімелері, повестері(1897 - 1961)
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев (1931 - 1976)
Сабақтың мақсаты:
а) Ақынның өміріне қысқаша шолу, поэзиясына талдау жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру;
ә) ақиық ақынның жырларымен таныстырып, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
б) оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, газеттер
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген. Анасы Нағиман Батанқызының айтуынша: Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы еді.... Тиын деген енем бар еді...
Мұқағали бастауыш сыныптарды Қарасаз өңіріндегі шағын ауылдарда оқып, үлкен мектепті аудан орталығы – Нарынқолдағы интернатта бітіріп шықты. Ауқаттылардың балалары Алматыға барып, үлкен оқу іздеп жатқанда, ол ауылдық кеңесте хатшы болып қызметке тұрды. Он төрт - он бес жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ. Төбесі аласа үйге қалың - қалың кітаптарды үйіп тастап, бірінен кейін бірін оқитын да жататын. Ауылдың атқамінерлері сол кезде - ақ таңданатын: Нағиман шеше, сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр - дейтін... Сөйтсем, өзін - өзі оқытыпты ғой, шырағым .
М. Мақатаевтың ақындық қабілеті бала кезінде - ақ белгі берген. Бала кезінен көптің назарына іліккен Мұқағали ауыл арасындағы қағыс - айтыстарға да түсіп, әріптестеріне алдырмайды екен. 1962жылы Алматыға көшеді. Қазақ радиосында директор, қазақ әдебиеті газетінде, Жұлдыз журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болады.
өлеңдері Отыздан асып барамын , дариға, домбырамды берші маған , Фариза , Бір бала т. б.
поэмалары: Аққулар ұйықтағанда , Райымбек! Райымбек
Кітаппен жұмыс: Кітаптан Мұқағалидың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бір шумақ өлеңін жазып құрылысына қарай талдайды.
Сен сүйген орман көлдерде 1 шумақ
Жыл сабып құстар келгенде 4 тармақ
Көк жиек сонау белдерден 11 бунақ
Сағынам сағым көргенде 8 буынды.
Білімді бекіту: Оқушыларға тест сұрақтары беріледі
Білімді бағалау: Оқушыларды жауаптарына қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма: М. Мақатаевтың өмірбаянын және поэзиясын оқып келуге беремін.
Толық нұсқасын қарау