Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың елтанушылық білімін арттыру, жаңа мәлімет беру.
Тәрбиелік: Отанды сүюге, тіл мәдениетіне, сұлулыққа, сезімталдыққа, имандылыққа, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Әңгімелей білуге, ойын жеткізуге, мәнерлеп оқуға, сөздік қорын, тілін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, ой туғызу
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, слайд
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Күрделі сөздерден тұратын Қазақстанның қала атауларын атаңдар.
1. Талдықорған
2. Екібастұз
3. Көкшетау
4. Бурабай
5. Ақтөбе
6. Қызылорда
7. Жезқазған
2. Ал, балалар бұл қалаларды жалпы қалай атауға болады? (Қазақстан қалалары)
Бүгінгі тақырыбымыз Қазақстан қалалары .
Балалар, қазір біз Қазақстан қалаларымен танысамыз. Слайд шоу. Суреттерді көрсете отырып әр қала туралы айту. Сабақта Қазақстанның төрт қаласымен танысамыз, төртінші Петропавл туралы оқушылар айтады.
Ақтау — Қазақстанның оңтүстік - батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған.
Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Ұлттық құрамы — қазақтар, орыстар, украиндықтар. Өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі. Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Қалада 29 шағынаудан бар. Ақтау қаласының басқа қалалардан ерекшелігі: көше аттарының болмауы.
Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Қала халқы 300 мың адамнан астам. Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның рухани астанасының қонақтары да осындай пікірде.
Алматы (орыс. Алматы, Ресейде — Алма - Ата; 1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь - Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік - шығысында орналасқан. Алматыда 1 434 755 адам тұрады (2011).
Тянь - Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы бақша - қала деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау - бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде, қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы — алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.
3. Жаңа сөздермен таныстыру.
4. Оқулықтан Қазақстан қалалары мәтінін оқу. Аудару.
5. Келесі тапсырма. Топтастыру.
6. Қазір біз тақырыбымызды әдебиетпен ұштастырамыз. Алдарыңда ақын - жазушылар, сендер ол қай өңірдікі екенін айту керек.
Абай – Шығыс Қазақстан, Семей қаласы
Ыбырай – Қостанай облысы.
Сәкен – Жезқазған қ.
Ғабит – Солтүстік Қазақстан, Петропавл
Бейімбет – Қостанай облысы, Таран ауданы
7. Біріккен сөздерге байланысты: қалалар атауы біріккен сөзінен бөлек жазылған, оқушылар жалғасын табу керек.