Құрама есептің түрін дұрыс анықтап, оған кері есептер құрастыру тапсырмаларын орындату

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Кері есептер
Сабақтың мақсаты: құрама есептерге кері есептер құрастыру тәсілімен таныстыру;
Сабақтың міндеттері:
• Құрама есептің түрін дұрыс анықтап, оған кері есептер құрастыру тапсырмаларын орындату;
• Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап
беруді талап ету.
• Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: ана тілі, дүниетану, музыка.
Сабақтың типі: ақпараттық-коммуникативті құралдар қолдану сабағы.
Сабақтың құрал-жабдықтары: таратпа материал, карточкалар, компьютер;
Сабақтың барысы:
І. Мақсаттық бағыттау.
1. Сабақтың психологиялық ахуалы. слайд
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!

ІІ. Оқушылардың білімнің өзектілігін анықтау.
1. Үй тапсырмасын тексеру. Дәптерде орындалған тапсырманы қарап, оқушылардың дәптерлерін жинап алу.
2. “Келгенше қонақ ұялады,
3. Келгеннен соң үй иесі ұялады”-демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бүгінгі сабағымыз ерекше түрде өтпек. Біз бас қаламыз – Астанаға саяхат жасаймыз.
- Қандай көлікпен жетуге болады? Ендеше тепловозға вагондар тіркеп, саяхатқа аттанайық. Ауызша есеп (вагон-карточкалар артында жазылған мысалдарды шығару)
-поезбен жүру үшін әр жолаушыда тасымалдау құқығын растайтын не болуы тиіс?
- Билет неше теңге тұрады? Кім біледі?
- Ал біз сабағымызда билетті сұраққа дұрыс жауап беру арқылы иеленеміз.
1.есеп неше бөлімнен тұрады;
2.сол жағы әріпті өрнек оң жағы сан немесе санды өрнек, бұл не?
3.кесінді деген не, ол ненің көмегімен сызылады?
4. фигуралардың периметрін қалай табылады?
5. математикалық амалдарды ата;
6. қосу амалымен жазылған өрнек қалай аталады?
7. азайту амалымен жазылған өрнекті қалай атаймыз?
8. сан, амал және әріпті қолданған жазу
9. 5 ондық және 7 бірліктен тұратын сан
10.ең үлкен бір таңбалы санды ата
11.ең кіші екі таңбалы санды ата
12.оңынан солға қарайда , солынан оңға қарай да оқысаң сол санның өзі шығады, ол қай сан?
13. жай есептерді ата
14.құрама есептер неше амалмен шығарылады?
15.негізгі геомериялық фигураларды ата
16.бұрыш түрлерін ата
17.шаршының қасиеті
18.тіктөртбұрыштың қасиеті
19. 0 саны натурал сандар қатарына жата ма? Неге?
Сабағымыздың негізгі жұмыс бағыты – құрама есепке кері есептер құрастыру және оларды шығару.


Скачать


zharar.kz